Бір мәртелі – 90 тәулікке дейін
Көп мәртелі – 3 жылға дейін
Визаны ресімдеу үшін Бас консулдығының бөліміне азамат жеке өзі (қабылдау сағаттарында) мынадай құжаттарды тапсырады:
1) Визалық сауалнама
2) Фотосурет - өлшемі 3,5х4,5 сантиметр түсті немесе қара-ақ түсті.
3) Жарамды шетелдік паспорты (визаларға арналған кемінде 2 таза беті болуы тиіс; оның қолданылу мерзімі сұрау салынған визаның қолданылу мерзімі аяқталған күннен бастап 3 айдан ерте аяқталмауы тиіс)
4) Шетелдік паспорттың көшірмесі
5) Жеке куәліктің көшірмесі (ИИР азаматтары үшін)
6) Қазақстан Республикасының азаматынан берілген шақыру хат
7) Қазақстан Республикасында жоспарланған тұрғылықты жерінен құжат
Визаны рәсімдеу консулдық алымсыз.
ВИЗА талап етілетін құжаттарды қабылдаған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде ресімделеді.
ВИЗА БЕРУДІҢ ЖЕДЕЛДЕТІЛГЕН ТҮРІ ҚАРАСТЫРЫЛМАҒАН.
Паспорттарды Консулдық бөлімнің қабылдау күндерінде сағат 15:30-дан 18:30-ға дейін алып кету жүргізіледі.