Женевада қазақ киіз үйінің салтанатты ашылуы өтті

Женевада қазақ киіз үйінің салтанатты ашылуы өтті

Женева, 2025 жылғы 4 ақпан Қазақстан Республикасының Женевадағы БҰҰ бөлімшесі және басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілдігі дипломатиялық миссия аумағында орнатылған қазақ киіз үйінің ашылу рәсімін ұйымдастырды. Қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлері мен қонақжайлылығын бейнелейтін киіз үйді Қазақстанның танымал «Жеңіс» дзюдо-клубы сыйға тартқаны символдық мәнге ие.

Рәсімге Қарағанды облысының дзюдо федерациясының спортшылары, Женевада жұмыс істейтін Қазақстанның азаматтары, сондай-ақ бауырлас Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан мен Өзбекстанның Елшілері және дипломатиялық корпустың басқа өкілдері де қатысты.

Қонақтар алдында Женевадағы ҚР Тұрақты өкілі Е. Әлімбаев, «Жеңіс» клубының президенті А. Әлсенов пен бас директоры Т.Тұрсымбаев құттықтау сөз сөйледі. Олар бұл оқиғаның Қазақстанның мәдени мұрасының және халықаралық байланыстарды нығайтудың символы ретіндегі маңыздылығын атап өтті. Киіз үй қазақ халқы үшін бірлік пен қонақжайлылық берік құндылықтар екендігінің айғағы болып табылады және өзара түсіністік пен ашықтықты ілгерілетудегі батыл рухын көрсетеді.

Ресми іс-шарадан кейін қонақтар қазақ киіз үйінің ерекше атмосферасымен танысып, дәстүрлі ұлттық тағамдардан дәм татты.

Бұл оқиға Қазақстанның мәдени дипломатиясын ілгерілетудегі және Женеваның халықаралық қауымдастығымен достық байланыстарды нығайтудағы маңызды қадам болды.