Қазақстан Өзбекстанның Дұниежүзілік сауда ұйымына қосылу процесін жандандыруды қолдайды

Қазақстан  Өзбекстанның  Дұниежүзілік сауда ұйымына қосылу процесін жандандыруды қолдайды

Женева қаласындағы БҰҰ Бөлімшесі мен халықаралық ұйымдар жанындағы  Тұрақты  өкілі, Елші  Жанар  Айтжанова осы  жылғы  7 шілдеде өткен Өзбекстан Республикасының  Дүниежүзілік  Сауда  Ұйымына кіру  жөніндегі  Жұмыс тобының 4-ші отырысында сөз сөйледі.

Қазақстан Республикасының Тұрақты  өкілі  Ж.Айтжанова  Өзбекстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Инвестиция  және  сыртқы   сауда  Министрі  С.Умурзаков бастаған Өзбекстанның жоғары деңгейдегі делегациясын қошеметтеді. 

Өзбекстан Премьер-Министрінің орынбасары С.Умурзаков өзінің  кіріспе сөзінде осы Жұмыс тобы отырыстың Өзбекстан үшін тарихи сәт екенін атап  өтті. Себебі, 2005 жылдан бастап Өзбекстан алғашқы рет 15 жылдық үзілістен кейін келіссөз процесін қайта бастады.

Сондай-ақ, ол Өзбекстан Президенті Ш.Мирзиеев 2017 жылы   бекіткен Өзбекстанның Экономикалық даму стратегиясы және онда  қамтылған мемлекеттің ауқымды экономикалық реформалары, соның  ішінде  сауда, кедендік-салық  және  валюта саясатын ырықтандыру жұмысы, Өзбекстанның  ДСҰ-ға  кіруіне ықпал ететініне тоқталды.

С.Умурзаков Өзбекстанның ДСҰ-ға мүше болуына мемлекеттің әлемдік сауда жүйесіне интеграциялау шеңберінде Өзбекстан Үкіметі үшін маңызды басым міндет болып табылатынын атап өтті.

Тұрақты  өкіл Ж.Айтжанова  Қазақстан  мен  Өзбекстан арасындағы саясат  және сауда-экономикалық салалардағы маңызды стратегиялық серіктестікке  тоқталып, Өзбекстанның ДСҰ-ға кіру жөніндегі келіссөздерді қайта жаңғыртқанын Қазақстанның толық қолдайтынын білдірді.

Ж.Айтжанова  ДСҰ-ға   кіру Өзбекстан  Республикасының Президенті  Ш.Мирзиеевтің  басшылығымен  Өзбекстанда іске  асырылып жатқан  экономика  және  сауда  саясатындағы  кешенді  реформаларға  елеулі үлесін қосатының атап өтті.  Өзбекстанның ДСҰ-ға  кіруі елдің  экономикасы және сауда ДСҰ қағидаларына негізделгенін білдіреді, сондай-ақ  көпжақты сауда жүйесіндегі қазіргі қиын сәтте Ұйымға деген сенімін нығайтуға ықпал етеді.  

ДСҰ-ның Бас директорының  орынбасары А.Вульф Өзбекстан  Үкіметінің  елді  реформалаудағы  негізгі  мақсаттарға  қол  жеткізудегі  және  ДСҰ-ға   мүше  елдермен келіссөздер жүргізудегі берік ұстанымдарына қолдау көрсетті.А.Вулф Ұйымның Өзбекстанға оның ДСҰ-ға кіру процесінде қажетті көмек көрсетуге дайын екендігін білдірді.