
2020 жылдың 23 маусымында БҰҰ-ның Женевадағы бөлімшесі және Қазақстан, Германия, Италия, Ресей және Исландияның Женева қаласындағы БҰҰ Бөлімшесі мен халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілдіктерімен бірлесіп ұйымдастырған «Бүкіл әлем: БҰҰ сарайының өнері Женева қаласында» атты көркемөнер көрмесінің ашылуын өткізді.
Көрменің мақсаты - ұйым құрылғаннан бері жиналған мүше мемлекеттер сыйға тартқан БҰҰ өнер коллекциясының құрамына кіретін туындыларын көпшілікке көрсету. Көрменің ұйымдастырушылары жекесуретшілердің, сонымен қатар БҰҰ-ға мүше мемлекеттер: АҚШ, Франция, Германия, Қытай, Италия, Ресей, Эквадор, Черногория, Шри-Ланка және Қазақстанның өнер туындыларын ұсынды.
Қазақстандық суретші Нэлли Бубэнің туындысы «Демалу» суреті көрмеде көрсетілді, сондай-ақ Ұлы Жібек жолының бейнелерін бейнелейтін Қазақстандағы алғашқы өнер қайраткерлерінің бірі болып табылады.
Іс-шараның ашылу салтанатында БҰҰ Женевадағы бөлімшесінің Бас директоры Т.Валовая сөз сөйледі. Өз сөзінде Т.Валовая жобаның ерекшелігін атап өтіп, көрменің БҰҰ-ның 75 жылдық мерейтойы қарсаңында өткізіліп отырғанына және БҰҰ-ның ғимаратынан тыс ұйымдастырылған алғашқы көрмесі болып табылатынына назар аударды. Оның айтуынша, аталған көрме көпшілікке қазіргі сындарлы кезеңде жағымды эмоциялар беріп қана қоймай, елдер мен мәдениеттерді біріктіретініне сенім білдірді.
Аталған көрме 2020 жылдың 31 тамызына дейін жұмыс жасайды.