Қазақстан пандемия жағдайында мигранттарға көмек көрсетеді

Қазақстан  пандемия жағдайында мигранттарға көмек көрсетеді

Ү.ж. 17 маусымда Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйым COVID-19 пандемиясы жағдайында көшіп-қонушыларды қорғау мәселесі бойынша вебинар өткізді. Іс-шараға БҰҰ-ның 90 мүше-мемлекеттің, халықаралық ұйымдар мен азаматтық қоғамның 300-ге жуық өкілі қатысты.

Іс-шараның мақсаты COVID-19 пандемиясынан туындаған жағдайды тұрақтандыру бойынша Үкіметтер қабылдаған шаралар шеңберінде көшіп-қонушыларға көмек көрсетуде тәжірибе алмасу болды.

Вебинардың басында Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымның Бас директоры А.Виторино бұл мәселенің коронавируспен жаһандық күрес аясындағы маңыздылығын атап өтті. Ол пандемия жағдайында бүкіл әлем бойынша адамдардың мобильділік деңгейі күрт төмендегені туралы айтты. Одан әрі Нигерия, Франция, Қазақстан, Зимбабве және Египет өкілдері сөз сөйледі.

Женевадағы Қазақстан Республикасының БҰҰ жанындағы және басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты Өкілі Жанар Айтжанова өз сөзінде Қазақстанның көшіп-қонушыларды қолдауға, оның ішінде төтенше жағдай мен карантин кезінде шетелдіктердің болу ережелерін әзірлеуге, көшіп-қонушылар үшін визалар мерзімін ұзартуға, оларға гуманитарлық көмек көрсетуге, сондай-ақ 500 қырғыз көшіп-қонушысына және жүздеген Өзбекстан азаматына мемлекеттік шекара арқылы өткізуді қамтамасыз етуге қабылдаған бірқатар шараларын атап өтті.

Ол Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстан Сыртқы істер министрліктерінің 243 мигрантқа транзиттік дәліз ұсыну мәселесінде өзара табысты іс-қимылын атап өтті.

Сөз соңында Тұрақты Өкіл Ж.Айтжанова Қазақстан көшіп-қонушыларға әлемде қалыптасқан күрделі эпидемиологиялық жағдайда көмек көрсетуді жалғастырады деп мәлімдеді.