Ү.ж. 9 маусымда Қазақстанның БҰҰ Женевадағы бөлімшесі жанындағы Тұрақты өкілі Жанар Айтжанова БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы Комиссары Мишель Бачелетпен виртуалды форматта кездесу өткізді. Кездесудің басты мақсаты Жоғарғы Комиссарға ҚР Президентінің саяси реформаларды іске асыру туралы хабарлау болды. Жоғарғы Комиссар Бачелет ханым Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси реформаларды атап өтті. Жоғарғы Комиссар Бейбіт жиналыстар туралы Заңның қабылданғанын ерекше атап өтті. Сонымен қатар, ол жақында қабылданған саяси партиялар туралы заңға қатысты реформаларды, сондай-ақ жала жабудың қылмыссыздандырылғанын атап өтті.
ҚР Тұрақты Өкілі жауабында Жоғарғы Комиссардың БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Кеңесінің 2020 жылғы ақпанда өткен 43-ші сессиясында Қазақстанда жүргізілген реформаларға оң баға бергені үшін, сондай-ақ Жоғарғы Комиссар Кеңсесінің жақында жариялаған 2019 жылғы есебінде көрсетілген жобалар мен тренингтер арқылы елімізге көрсетілген техникалық көмегі үшін алғысын білдірді. Сонымен қатар, Айтжанова бейбіт жиналыстар туралы жаңа заңның 1995 жылғы заңмен салыстырғанда басты басымдықтарын ерекше атап өтті.
Сонымен бірге, Тұрақты өкіл Президенттің көппартиялы жүйені, саяси бәсекелестік пен плюрализмді дамыту жөніндегі бастамасына тоқталды. Ол елімізде партиялар туралы заңға түзетулер қабылдануының нәтижесінде саяси партиялар 30% әйелдер мен жастарды өз қатарына қосуды міндеттейтінін және саяси партияларды тіркеу шегі 40 000 қолдан 20 000-ға дейін төмендетілгенін атап өтті. Сондай-ақ, ол Президенттің Қазақстандағы конституциялық заң деңгейінде тұңғыш рет ұсынылатын парламенттік оппозиция тұжырымдамасын ілгерілету жөніндегі бастамасына назар аударды. Сонымен қатар, Қазақстан өкілі мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы қатынастарды нығайтуға бағытталған маңызды жұмыстарды атап өтті.
Кездесу соңында Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі Қазақстан мен БҰҰ арасындағы ынтымақтастығы шарттық органдар, арнайы рәсімдер және Ұйымның басқа да тетіктері арқылы ашық және конструктивті диалог арқылы іске асырылуының маңыздылығын атап өтті. Сонымен бірге, ол БҰҰ-ның шарттық органдар жүйесін оның тиімділігін арттыру және оңтайландыру жөніндегі реформалар бастамасын қолдайтындығын білдірді.