Женева, 2024 жылғы 1 ақпан – Женевадағы БҰҰ бөлімшесі жанындағы Қазақстанның Тұрақты өкілдігі Geneva Engage Awards марапаттау рәсімі барысында Женева мен әлем арасындағы тиімді байланыстарды нығайту үшін әлеуметтік медиа платформаларын пайдаланатын тұрақты өкілдіктердің үштігіне кіріп, екінші орынды иеленді. Пәкістан мен Еуропалық одақ делегациялары сәйкесінше бірінші және үшінші сыйлықтарды жеңіп алды.
Geneva Engage - Женева Республикасы мен кантоны және DiploFoundation қолдайтын Geneva Internet Platform ұйымының бастамасы. Geneva Engage Awards сыйлығы жыл сайын тұрақты өкілдіктер мен халықаралық ұйымдарға олардың әлеуметтік желілердегі жұмысы мен өзара әрекеттесуіндегі тиімділігі үшін беріледі.
Бұл құрметті қымбатты аудиториямызбен бөліскенімізді мақтан тұтамыз. Қолдауларыңызға рақмет!
Кездескенше!
X: @KazakhPM_UNOG
Facebook https://www.facebook.com/kzgeneva
Instagram: kaz_mission_unog