
2023 жылғы 6 қараша, Женева қ. - қазақстандық әртіс Димаш Құдайберген көпжақты саясат пен дипломатияның ірі орталығы - Женеваға барды.
Димаш Нью-Йорктен кейінгі БҰҰ-ның екінші маңызды резиденциясы - Ұлттар сарайында болып, Женева кітапханасы мен БҰҰ мұрағаттарындағы өнер туындыларымен, тарихи құжаттар мен нысандармен, сондай-ақ көпжақты сессиялардың жұмысымен танысты.
Қазақстандық әртіс БҰҰ Женева бөлімшесінің басшысы Татьяна Валоваямен кездесу өткізіп, БҰҰ-ның еуропалық штаб-пәтері жұмысының басым бағыттарымен танысты. Димаш Ұйымға қолдау білдіріп, шығармашылық жоспарларымен бөлісті. Белгілі тұлғалардың әмбебап адами құндылықтарды ілгерілетуде және бейбітшілік пен өзара түсіністік идеяларын ілгерілетуде ерекше рөл атқара алатынын атап өтті. Димаштың пікірінше, сөздердің әсері болмаған кезде музыка адамдардың жүрегіне жетуі мүмкін.
Сонымен қатар, Димаш Уилсон сарайында – БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі басқармасында және Халықаралық көші-қон ұйымының штаб-пәтерінде кездесулер өткізді.
Бұдан басқа, Димаш Қазақстанның Женевадағы БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілдігінің қызметкерлері мен отбасы мүшелерімен кездесті. Тұрақты өкіл Ерлан Әлімбаевпен әңгімелесу барысында Женева алаңындағы Қазақстан жұмысының негізгі бағыттарымен танысты.