БҰҰ Кітапханасына Абай өлеңдерінің француз тіліне аударылған жинағы тапсырылды

БҰҰ Кітапханасына Абай өлеңдерінің француз тіліне аударылған жинағы тапсырылды

2023 жылғы 28 тамыз, Женева - Қазақтың ұлы ақыны, ойшылы және композиторы Абай Құнанбайұлының 178-жылдығын мерекелеу аясында Женевадағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілдігі Абайдың француз тіліндегі өлеңдер жинағын БҰҰ кітапханасына табыстады.

​Қазақстанның Тұрақты өкілі Ерлан Әлімбаев Абай шығармашылығы ХХІ ғасырда адамзат алдында тұрған сын-қатерлер кезінде ерекше өзекті болып отырғанын атап өтті. «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп»,-деген сөздері - ұлы Абайдың БҰҰ-ның бейбітшілік пен бірлікке ұмтылу сияқты құндылықтарын бейнелейді.

​БҰҰ кітапханасының директоры Франческо Пизано Қазақстанмен ынтымақтастық деңгейін қанағаттанушылықпен атап өтіп, Ұйым мүше мемлекеттердің бірлік пен өзара түсіністікті ілгерілету жөніндегі күш-жігерін жоғары бағалайтынын атап өтті.

Сұхбат беруші 2021 жылы БҰҰ-ның Женевадағы бөлімшесінде Абай Құнанбайұлының бюсті ашылғанын еске салып, қазақ ойшылының идеялары қазіргі заманмен үйлесетінін атап өтті.

Енді ұлы ақынның кітаптары БҰҰ кітапханасының кез келген қонағына қолжетімді.