ДДҰ гуманитарлық көмек жеткізу туралы

ДДҰ гуманитарлық көмек жеткізу туралы

3 мамырда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қазақстанға арналған гуманитарлық көмектің кезекті партиясын Алматы әуежайына жеткізді. Жүктердің құрамына медициналық персоналға арналған жеке қорғаныс құралдары, респираторлар және инфрақызыл термометрлер кіреді. Аталған көмек ДДҰ-ның мүше мемлекеттерге COVID-19 пандемиясымен күресуге көмектесу жөніндегі жаһандық жоспарың бөлігі болды.

Өз кезегінде ДДҰ пандемиямен күресу үшін өңірлік деңгейдегі өзара көмек көрсетуді жоғары бағалайды. 29 сәуірде ДДҰ штаб-пәтерінің өкілі М.Райанс Қазақстанның Қырғызстан мен Тәжікстанға көрсеткен гуманитарлық көмегі үшін алғыс айтып, Орта Азиядағы өңірлік ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.