Қазақстан CERN эксперименттеріне қатысатын болады

Қазақстан CERN эксперименттеріне қатысатын болады

Женева, 2023 жылғы 13 маусым – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Ядролық физика институтының (ҚР ЭМ ЯФИ) Бас директоры Саябек Сахиевтің Женевадағы Еуропалық ядролық зерттеулер орталығына (CERN) сапары барысында ЯФИ мен CERN арасында Өзара түсіністік меморандумына Қосымша протоколға қол қойылды. Құжатқа сәйкес, қазақстандық институт NA62 эксперименті бойынша ғылыми зерттеулерге қатысуға мүмкіндік алады.

С. Сахиев сондай-ақ еуропалық зерттеу орталығының басшылығымен - CERN зерттеу және есептеу техникасы жөніндегі директоры Хоаким Мнихпен, Еуроодаққа кірмейтін қауымдастырылған мүшелермен және мемлекеттермен байланыс департаментінің басшысы Эмануэль Цесмелиспен, Қазақстанмен байланыс жөніндегі аға кеңесші Кристоф Шафермен және NA62 экспериментінің аға техникалық мамандарымен жұмыс кездесулерін өткізді.

Тараптар ЯФИ-дің CERN эксперименттеріне біртіндеп енуіне мүмкіндік жасайтын бұл ынтымақтастықтың қазақстандық ғылым үшін практикалық маңыздылығын атап өтті.

CERN – элементарлы бөлшектер физикасын зерттеу саласындағы әлемдік жетекші ұйым. Бас-пәтері Женева қадласында (Швейцария) орналасқан.

NA62 – CERN-нің зарядталған К-мезонның π-мезонға және нейтринді-анти-нейтринді жұбына ыдырауының "алтын" деп аталатын режиміне бағытталған супер-протондық синхротронда шығарылған шоқтағы ғылыми эксперимент. NA62 Еуропалық ядролық зерттеулер орталығының ең үздік эксперименталды жетістіктерінің қатарына кіретін бұған дейін жоғары дәлдікпен жасалған NA48, NA48/1, NA48/2 эксперименттерінің жалғасы болып табылады.