Шет мемлекеттердің елшілері мен Женевадағы халықаралық ұйымдардың ресми тұлғалары Қазақстан Республикасына көңіл айтты

Шет мемлекеттердің елшілері мен Женевадағы халықаралық ұйымдардың ресми тұлғалары Қазақстан Республикасына көңіл айтты

Женева, 2023 жылғы 13 маусым - Шет мемлекеттердің елшілері мен Женевадағы халықаралық ұйымдардың ресми тұлғалары, оның ішінде ДДСҰ Бас директоры Т.Гебрейесус, Женевадағы БҰҰ бөлімшесі Бас директоры кабинетінің басшысы Д.Чикваидзе, Женевадағы Әзербайжан, БАӘ, Болгария, Жапония, Еуропалық Одақ, Қырғызстан, Литва, Таиланд, Түркия, Филиппиндер және Эфиопия миссиялары басшылары Абай облысындағы өрттер салдарынан адам шығынына байланысты Қазақстан Республикасына көңіл айтты. 

Тұрақты өкілдік дипломатиялық корпустың барлық өкілдеріне және ресми тұлғаларға аза тұту күндерінде көңіл айтып, қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіреді.