
Женева, 2023 жылғы 8 наурыз - Женевадағы БҰҰ жанындағы Қазақстанның Тұрақты өкілі Ерлан Әлімбаев еліміз бен Халықаралық еңбек ұйымы арасындағы ынтымақтастықты нығайту бойынша пікір алмасу үшін ХЕҰ Бас директоры Жильбер Унгбомен кездесті.
Тұрақты өкіл ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың бастамасымен Қазақстан Үкіметі жүргізіп жатқан ауқымды саяси реформалар, соның ішінде әлеуметтік әділеттілік пен баршаға лайықты еңбекті ілгерілету жөніндегі күш-жігерлер туралы айтып берді. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Т.Дүйсенованың Бас директор Ж. Унгбоның атына Қазақстанға сапармен келуге шақыруын табыстады. Сонымен қатар, ХЕҰ-ға ҚР азаматтарын жұмысқа орналастыру мәселелері де талқыланды.
Бас директор Ж.Унгбо Қазақстандағы әлеуметтік қорғау саласындағы қадамдарды және техникалық көмекті қоса алғанда, ХЕҰ-мен ынтымақтастықтың өсіп келе жатқан деңгейін атап өтті.