БҰҰ Еуропалық офисінде «Әлем бейнесі» атты қазақстандық бірегей арт-жоба ұсынылды

БҰҰ Еуропалық офисінде «Әлем бейнесі» атты қазақстандық бірегей арт-жоба ұсынылды

Женева, 2023 жылғы 28 ақпан - БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесі 52-ші сессиясы Жоғары деңгейдегі сегментінің аясында Ұлттар сарайында «Әлем бейнесі» халықаралық әлеуметтік арт-жобасы көрмесінің ашылу рәсімі өтті.

Қазақстанның Женевадағы БҰҰ бөлімшесі жанындағы Тұрақты өкілдігі ұйымдастырған іс-шараға халықаралық ұйымдардың жоғары өкілдері мен әлем елдерінің сыртқы саяси ведомстволарының басшылары, сондай-ақ ҮЕҰ мен БАҚ өкілдері және Женева қонақтары қатысты.

Бейбітшілік, өзара түсіністік және әлеуметтік үйлесімділікті ілгерілету жолындағы бітімгершілік миссиясының арқасында «Әлем бейнесі» оны жасауға қатысқан 2000-нан астам адамды біріктіре алды.

Ашылу рәсіміне жоба авторлары - Қазақстанға танымал азаматтық белсенділер мен продюсерлер Дәуіт Шайхисламов пен Дана Орманбаева қатысты.

Іс-шарада құрметті қонақ ретінде Женевадағы БҰҰ кітапханасының директоры Франческо Пизано сөз сөйлеп, суретке бояу түріндегі үлесін жасады. Жобаның БҰҰ Жарғысында кемсітушіліксіз өмір сүру үшін планетамыздың адамдары арасындағы өзара құрмет сияқты қағидалардың көрінісі екенін атап өтті.

 Қазақстанның Тұрақты өкілі Ерлан Әлімбаев өз сөзінде атап өткендей, арт-жоба әлемнің барлық тұрғындары, терісінің түсіне, дініне немесе тұрғылықты жеріне қарамастан, үйлесімді, келісімді және бейбіт өмір сүруді армандайтынын айқын дәлелдейді. Е.Әлімбаев ҚР-дың БҰҰ-ға кіруінің мерейтойы қарсаңында басты жаһандық құқық қорғау алаңы аясында БҰҰ құндылықтарымен үндес «Әлем бейнесі» көрмесін өткізудің ерекше символдық мәні бар екенін атап өтті.

«Әлем бейнесі» жобасы 2021 жылғы 28 қазанда Дубайдағы «EXPO 2020» дүниежүзілік көрмесінде басталып, 2022 жылғы ақпанда  қылқаламды пайдаланып, бір біріне тапсыру арқылы жасалған арт-жоба Гиннесс рекордтар кітабына енді. Әлеуметтік арт-жобаға қарапайым адамдар да, мәдени қайраткерлер, саясаткерлер мен әлемдік спорт жұлдыздарын қоса алғанда белгілі тұлғалар да қатысты.

БҰҰ-ның Женевадағы еуропалық кеңсесінде «Әлем бейнесі» көрмесі 2023 ж. 27 ақпан - 2 наурыз аралығында өтеді.