Қазақстанның делегациясы Қарусыздану жөніндегі конференция пленарлық сессияның ашылуында сөз сөйледі

Қазақстанның делегациясы Қарусыздану жөніндегі конференция пленарлық сессияның ашылуында сөз сөйледі

Женева, 2023 ж. 26 қаңтар – Женевадағы БҰҰ бөлімшесі жанындағы Қазақстанның Тұрақты өкілі Е. Әлімбаев Қарусыздану жөніндегі конференцияның пленарлық сессиясының ашылуында сөз сөйледі.

Өз сөзінде ол Конференцияның қарусыздану, қаруды таратпау және бақылау саласында келіссөздер жүргізу үшін маңызды және таптырмас көпжақты форум ретіндегі шешуші рөлін атап өтті.

Е. Әлімбаев Биологиялық қару жөніндегі Конвенцияның ережелерін іске асыруды бақылау тетігінің жоқтығы туралы айта келе, ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттікті құру жөніндегі бастамасының маңыздылығын тағы да атап өтті. Сонымен қатар, ол делегацияларды барлық мүдделі мемлекеттерге осы бастаманы талқылауға қатысуға мүмкіндік беретін тиісті Жарғының жобасын таратуға қатысты Қазақстанның ниеті туралы хабардар етті.

Баяндамасының соңында Қазақстан өкілі Қарусыздану жөніндегі конференция жұмысына қатысатын делегациялар санының өсуін құптады, сондай-ақ бұл жағдай осы форум қызметіне жаңа серпін береді деген үмітін білдірді.