12 наурызда БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Кеңесінің 43-ші сессиясында Қазақстан Республикасының БҰҰ және басқа халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Ж.Айтжанова 2019 жылдың 7 қарашасында өткен Жаһандық кезеңдік шолудың үшінші циклының нәтижелерін жариялады.
Делегация басшысы өз сөзінде Президент Қ.Тоқаевтың азаматтардың барлық конструктивтік өтініштеріне жедел және тиімді жауап беруге бағытталған «еститін мемлекет» құру бағытының маңыздылығын атап өтті.
Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі Қазақстанның Жаһандық Кезеңдік шолуды мемлекеттердің адам құқықтары саласындағы міндеттемелерін орындауын бақылайтын маңызды құралы деп білетіні туралы ұстанымынына берік екенін атап өтті. Ол Қазақстанның жаһандық кезеңдік шолуға қатысуының тиімділігін арттыруға және халықаралық стандарттар мен БҰҰ-ның мүше мемлекеттерінің озық тәжірибелерін ескере отырып, нақты заңнамалық және практикалық шараларды қабылдау арқылы жұмысты әрі жетілдіруге ниеттілігін атап өтті.
Ж.Айтжанова БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің берген 245 ұсыныстарының 214-іне Қазақстанның қолдау білдіретінін мәлімдеді. Атап айтқанда, Қазақстан өлім жазасын жою, митингілер, саяси партиялар туралы заңнаманы жетілдіру, әйелдер мен балалар құқықтарын ілгерілету бойынша ұсыныстарды орындауға дайын екендігін білдірді.
Қазақстанның тұрақты өкілі назарға алынған 31 үсыныстар діни бірлестіктер туралы заңдарға, кемсітушілікке және әртүрлі халықаралық құжаттарға қосылу қажеттілігіне қатысты болғанын атап өтті. Ол Қазақстанның аталған ұсыныстарды қолдаудың орындылығын зерделеуді жалғастыратынын атап өтті.
Қазақстан бойынша отырыс барысында мүше-мемлекеттер және адам құқықтары жөніндегі үкіметтік емес ұйымдармен констурктивті және ашық түрде сұхбат өткізілді, соның ішінде сөз сөйлеушілер Қазақстанның әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғауда және гендерлік теңдікті ілгерілетудегі айтарлықтай жетістіктерін атап өтті. Сонымен бірге, баяндамышлар одан әрі жетілдіруді талап ететін ең өзекті мәселелерді атап өтті.
Отырыстың соңында БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесі Қазақстанның Жаһандық Кезеңдік шолуының үшінші циклының нәтижелерін бірауыздан қабылдады.