Қазақстан Республикасына келуді жоспарлап отырған азаматтарға арналған ЖАДЫНАМА

Қазақстан Республикасына келуді жоспарлап отырған азаматтарға арналған ЖАДЫНАМА

Коронавирустың (COVID-19) таралуына жол бермеу мақсатында ҚР мемлекеттік органдары қабылдаған келесі санитарлық-эпидемиологиялық шараларды ескерулеріңізді сұраймыз.

Швейцария 2 санаттағы елдердің тізіміне қосылғанына назар аударыңыз (2020 жылғы 12 наурыз сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді).

 

Елдің санаты

Санаттарға сәйкес елдерден келетін тұлғаларға қатысты іс-шаралар

Түсініктеме

1а)

 

 

 

 

 

 

Қазақстанға кіруге уақытша шектеу

Құрлықтық Қытайда, 

Иранда, Италияда және Оңтүстік Кореяда

соңғы 30 күн ішінде болған тұлғалар жатады

Қазақстанға кіруге уақытша шектеу 2020 жылғы
 6 наурыз сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.

1б)

Қазақстанға кіруге уақытша шектеу

1б) санаттағы елдердің аумағында соңғы 30 күн ішінде болған тұлғалар жатады

Қазақстанға кіруге уақытша шектеу 2020 жылғы
 8 наурыз сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.

 

1а) және 1б) санатындағы елдерден ресми және үкіметтік делегацияларға, сондай-ақ қызметтік және дипломаттық паспорттардың иелеріне, авиакомпаниялар ұшқыштары және экипаж мүшелеріне, локомотив бригадаларына, темір жол көлігінің тасымалдау қызметіне байланысты адамдарға және жүктерді халықаралық автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілерге қатысты 2 санатты ретінде қоңырау шалу арқылы тұратын орны бойынша медициналық бақылау жүргізіледі.

2.

Денсаулық жағдайына қашықтықтан мониторинг жүргізу (телефон арқылы қоңырау шалу)

2-санаттағы елдерден келгенінен 14 күннен аз азаматтарға қашықтықтан мониторинг жүргізіледі

Тұлғаның Қазақстан Республикасының аумағында жүріп-тұруына құқығы бар (үздіксіз медициналық бақылауды қамтамасыз ету үшін тұлға медициналық ұйымды өзінің орнын ауыстыруы туралы хабардар ету тиіс).

 

Күн сайын 14 күн бойы медицина қызметкері телефон арқылы тұлғаның денсаулық жағдайына қатысты сауалнама жүргізеді.

 

 

Қосымша 

 

COVID-19 коронавирустық инфекция бойынша қолайсыз елдер

(2020 жылғы 12 наурыз сағат 00:00-ге дейін қолданылады)

 

1 а) санат

ҚХР

Иран

Оңтүстік Корея

 

 

1 б) санат

Италия

 

 

2 санат

Германия

Испания 

 

COVID-19 коронавирустық инфекция бойынша қолайсыз елдер

(2020 жылғы 12 наурыз сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді)

 

1 а) санат

ҚХР

Иран

Оңтүстік Корея

Италия

 

 

1 б) санат

Франция

Германия

Испания

 

 

2 санат

Ұлыбритания

Швейцария

Нидерланд

 

Қазақстан Республикасына келген соң паспорттық бақылау қызметкерлері Сізден шағын сауалнаманы (үлгісі төменде беріледі) толтыруды сұрауы мүмкін.

 

_____________________________________

 

Егер Сізге Қазақстан Республикасына келу үшін виза қажет болса, келесі ақпаратты назарға алуды сұраймыз:

  • ҚР-дың Қытайдағы шетелдік мекемелерінде ресми делегациялардан басқа барлық шетелдік азаматтарға, оның ішінде ҚХР азаматтарына, қазақстандық визаларды беру белгісіз мерзімге тоқтатылды;
  • 1а) және 1б) санаттарындағы елдердің азаматтарына егер олар басқа елде тұрып, 1а) және 1б) санатына кіретін мемлекеттердің аумағында соңғы 30 күн ішінде болмаған жағдайда ғана ҚР визалар беріледі;
  • 1а) және 1б) санатындағы соңғы 30 күні ішінде болған барлық шетел азаматтарына виза беру уақытша тоқтатылды.

_____________________________________

 

 

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігін Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің Көліктегі тауарлар мен көрсетілетін кызметтердің сапасы мен кауіпсіздігін бақылау департаменті» РММ

 

САУАЛНАМА

 

  1. Тегі, аты , әкесінің аты (толық), туылған күні __________________________________________
  2. Азаматтығы, ЖСН немесе төлқұжат мәліметтері _______________________________________
  3. Қазақстандағы жұмыс (оқу) орны ___________________________________________________
  4. Мекен-жайы немесе уақытша тұратын жері   __________________________________________
  5. Байланыс телефондары ____________________________________________________________

Қозғалу бағыты ___________________________________________________________________