
2022 жылғы 11 қазан, Женева – ҚР Женевадағы БҰҰ бөлімшесі және басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Ерлан Әлімбаев БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясымен (БҰҰ ЕЭК) бірлесіп, Орталық Азия экономикаларына арналған БҰҰ-ның Арнайы бағдарламасына (СПЕКА) қатысушы елдердің тұрақты өкілдерімен ынтымақтастықтың ағымдағы және болашақ мәселелерін талқылау үшін жұмыс кездесуін өткізді.
Тұрақты өкіл Е. Әлімбаев кездесуге қатысушыларды Алматыда өтетін СПЕКА-ның алдағы іс-шаралары – 2022 жылғы 16-17 қарашадағы Экономикалық форум және 18 қарашадағы Басқарушы кеңесінің 17-ші сессиясы, оның ішінде жоспарлар мен қорытынды құжаттар туралы хабардар етті.
Кездесу барысында әңгімелесушілер СПЕКА мандатын нығайту және Қазақстан Республикасының БҰҰ-ның Арнайы бағдарламасындағы қазіргі төрағалығы аясында өңірлік ынтымақтастықты тереңдету мәселелеріне ерекше назар аударды.
Дипломаттар сондай-ақ Алматыдағы СПЕКА іс-шараларына дайындық контекстінде 2022 жылғы 29-31 қазанда Бакуде өтетін, (Әзербайжан), БҰҰ ЕЭК стандарттарын қолдана отырып, жеткізу тізбектерінде ақпарат алмасуды цифрлық трансформациялау жөніндегі жоғары деңгейдегі Конференцияға дайындықты талқылады.
Е.Әлімбаев Қазақстанның осы конференцияға қатысуының және трансшекаралық ынтымақтастықты нығайту мен 2030 жылға дейінгі орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін СПЕКА аймағында цифрландыру бойынша жұмысты ілгерілетудің маңыздылығын атап өтті.
Өз кезегінде БҰҰ ЕЭК Қазақстанның СПЕКА аймағындағы белсенді қатысуын және Ұйымның түрлі бастамаларына қолдау көрсетуін атап өтті.