
2020 жылдың 12 ақпанында Женевадағы БҰҰ бөлімшесінде Лондон Университетінің студенттері және жиырмадан артығырақ БҰҰ мүше-мемлекеттердің дипломаттары, соның ішінде Швеция, Франция, Австралия, Мысыр, Иран, Жапония, Беларусь, АҚШ, Финляндия және ҚХР қатысуымен «Ядролық қаруды таратпау туралы шарт» тақырыбы бойынша панельдік талқылау өтті. Ісшара Женевадағы Қазақстан Республикасының БҰҰ бөлімі жанындағы Тұрақты Өкілдігі және Лондон Унивеситетінің Халықаралық зерттеулер мен дипломатия орталығымен бірге ұйымдастырылған болатын.
Ісшараның қатысушылардың сөздерінде қарусыздандыру жөніндегі мәселелерге жастардың рөліне ерекше назар аударған болатын.
Солай, ісшараның модераторы Қазақстан Республикасының БҰҰ бөлімшесі жанындағы Тұрақты Өкілі Ж.Айтжанованың өз сөзінде қарусыздандыру мәселелерін талқылауына және ядросыз әлем идеясын ілгері бастыруына жастарды іске тарту қажеттілігін белгіледі.
Сонымен бірге, БҰҰ бөлімшесінің Бас директоры Т.Валоваяның айтуы бойынша, қарусыздандыру, ядролық қаруды таратпау және қару-жарақтың бақылау мәселелері бойынша жастармен өзара қарым-қатынас қажеттілігіне назар аударды. Сауалнамаларға сәйкес, елу пайыздан тым жастардың айтынша ядролық қарусыздандырудың қазіргі заманның басқа маңызды мәселелерімен қатар үлкен өзектілігі екенін мойындайды.
Лондон Унивеситетінің Халықаралық зерттеулер мен дипломатия орталығының директоры Д.Плеш кейін тұрмыста қолдануға болатын жаңа идеяларды іске асыруға жастардың назарын тарту маңыздылығын атап өтті.
БҰҰ Қарусыздандыру мәселелерін зерттеу институтының директоры Р. Дван жаңа технологиялар дамуына қатысты, мысалы гипердыбыстық қару сияқты сын-тегеуріндерге, назар аударды. Сонымен қатар, ол қарусыздандыру мәселелерді талқылауға мүдделі тараптардың жан-жақты топтарын тарту қажеттілігін атап өткен болатын.
Сонымен қатар, ісшара қатысушылардың ой-пікірлерін қорытындылап, дипломаттардың және Лондон Университеті студенттер арасында белсенді пікірталас өтті.