
ҚР Cауда және интеграция министрі Б. Сұлтанов, Астана халықаралық қаржы орталығының басқарушысы (АХҚО) Қ. Келімбетов және Женева қаласындағы БҰҰ бөлімшесі мен басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы ҚР Тұрақты өкілі Ж. Айтжанова 2020 жылғы 21-24 қаңтарында Давостағы Дүниежүзілік экономикалық форумның (Давос форумы) 50-ші жыл сайынғы сессиясына қатысты.
22 қаңтарда Қазақстан делегациясы ДЭФ Президенті Б. Брендемен кездесу өткізілді. Кездесу барысында АХҚО базасының Төртінші өнеркәсіптік революциясы бойынша ДЭФ орталығын ашу туралы келісімге қол қойылды. 2017 жылы іске қосылған Төртінші өнеркәсіптік революция бойынша ДЭФ орталықтарының жаһандық желісі жаңа технологиялар мен инновациялық жобаларды дамытуға жүйелі мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету мақсатында Израиль, Үндістан, ҚХР, БАӘ, АҚШ және Жапониядағы орталықтарды қамтиды.
Форум аясында Қазақстан делегациясы "Еуразияға стратегиялық көзқарас" тақырыбындағы панельдік сессияға қатысты, оның барысында өңірді дамытудың басымдықтары талқыланды. Сессияға сондай-ақ, Әзірбайжан Президенті И. Алиев, Женевадағы БҰҰ бөлімшесінің Бас директоры Т. Валовая және ВТБ-Банк Басқармасының төрағасы А. Костин қатысты.
АХҚО Басқарушысы Қ. Келімбетов өз сөзінде Қазақстанның Еуропа мен Азия арасындағы сауда байланыстары, елдің транзиттік әлеуеті туралы ойымен бөлісті. Сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық одақ (ЕЭО) шеңберіндегі елдерімен және технологиялық даму саласындағы ынтымақтастық мәселелерін қоса, негізгі әлемдік серіктестерімен барлық салаларындағы өзара қарым-қатынастардың маңыздылығын атап өтті.
Іс-шара аясында ҚР Сауда және интеграция министрі Б.Сұлтанов Оңтүстік Кореяның Сауда министрі Ю Мен Химен кездесті. Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықты нығайту мәселелері көтерілді. Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) Бас директоры Р.Азеведомен кездесуінде Министр Сұлтанов 2020 жылғы 8-11 маусымында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін 12-ші ДСҰ министрлік конференциясына дайындық барысын және оның келешегі зор нәтижелерін талқылады. Өз кезегінде, ҚР Тұрақты өкілі Айтжанова Р.Азеведоға ДСҰ-ның институционалды реформаларының жалпы тұжырымдамасы, оның ішінде ДСҰ-ның дауларын шешу жөніндегі уәкілетті органы, ДСҰ-ның келіссөздер қызметі мен ашықтығы туралы пікірталастарды бастауды ұсынды.