Қазақстан цифрландыру саласындағы халықаралық стандарттарды дамыту туралы бастама жасады

Қазақстан цифрландыру саласындағы халықаралық стандарттарды дамыту туралы бастама жасады

Женева,  2022 жылғы 1 маусым – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б.Мусин Ақпараттық қоғам жөніндегі Дүниежүзілік саммит аясында өткен министрлік дөңгелек үстелінде сөз сөйледі.

Қазақстандық делегация басшысы Қазақстанның цифрландыру саласындағы жетістіктерін атап өтіп, мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін Ғаламдық цифрлық шлюз құру бастамасын жариялады. Оның айтуынша, ХЭО-ға мүше мемлекеттердің құжаттарды цифрландыру және елдер арасындағы деректер алмасу процесін жеңілдету саласындағы халықаралық стандарттарды әзірлеудегі өзара іс-қимылы бүкіл әлемде мемлекеттік қызмет көрсету деңгейін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді.

Бұл бастаманы ХЭО Бас хатшысы Х.Чжао, Телекоммуникацияларды стандарттау бюросының директоры Ч.Ли және Телекоммуникацияларды стандарттау бюросының зерттеу топтарының жетекшісі Б.Джамусси қолдады. Аталған бастаманы жүзеге асыру үшін ХЭО Бас хатшысы Стандарттау бюросының басшылығына осы мәселені зерттеп, алға жылжытатын топ құруды тапсырды.