
2022 жылғы 4 мамыр, Женева - Қазақстан Республикасының Женевадағы БҰҰ бөлімшесі және басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Ерлан Әлімбаев БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының Атқарушы хатшысы Ольга Алгаеровамен кездесіп, Қазақстан мен БҰҰ ЕЭК арасындағы ынтымақтастықтың ағымдағы және болашақ мәселелерін талқылады.
Кездесу барысында Тұрақты өкіл Әлімбаев Жауапты хатшыны Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев жүргізіп жатқан саяси және әлеуметтік реформалар, оның ішінде ел Конституциясына тиісті өзгерістер енгізу жоспарлары туралы хабардар етті.
Әңгімелесушілер БҰҰ-ның Орталық Азия елдерінің экономикаларына арналған Арнайы бағдарламасының (СПЕКА) мандатын нығайтуға және өңірлік ынтымақтастықты, оның ішінде Қазақстан Республикасының СПЕКА-ға қазіргі төрағалығы шеңберінде тереңдетуге ерекше назар аударды.
Сонымен қатар, Қазақстанның қатысуымен БҰҰ ЕЭК ағымдағы техникалық ынтымақтастығы аясындағы және перспективалық жобалар талқыланды. Е.Әлімбаев БҰҰ ЕЭК әзірлеген озық стандарттар мен тәжірибелерді Қазақстан Республикасында енгізу мақсатында еліміздің осы жобаларға қатысуының маңыздылығын атап өтті. Өз кезегінде, О.Алгаерова Қазақстанның БҰҰ ЕЭК жұмысына белсенді қатысқаны және Ұйымның түрлі бастамаларын қолдағаны үшін ризашылығын білдірді.