
Қазақстан Республикасының Женевадағы Тұрақты өкілдігі Қазақстан халқының бірлігі күнін мерекелеуге орай және мұсылмандар үшін қасиетті Ораза айт мерекесі қарсаңында Орталық Азия, Әзербайжан дипломаттары мен Қазақстан азаматтары үшін «ауыз ашар» ұйымдастырды.
ҚР-ның Женевадағы БҰҰ бөлімшесі және басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Ерлан Әлімбаев бұл мереке біздің ұлтымыздың бірлігінің жарқын символы болып табылатынын атап өтті. Қазақ жерінде терең тамыр жайған достық пен өзара түсіністік дәстүрлері, сондай-ақ мәдениеттердің сан алуандығы қазақстандық бірегейліктің ажырамас бөлігіне айналды. Жиналғандар Қазақстан халқына татулық, бақыт және бақ-береке тіледі.