Президент Қ. Тоқаевтың адам құқықтарын қорғау саласындағы бастамаларын іске асыру Женева халықаралық ынтымақтастық алаңының басты назарында

Президент Қ. Тоқаевтың адам құқықтарын қорғау саласындағы бастамаларын іске асыру Женева халықаралық ынтымақтастық алаңының басты назарында

Женева, 2022 жылғы 21-25 cәуір - Женеваға сапары барысында Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Эльвира Әзімова БҰҰ бөлімшесінің және халықаралық құқық қорғау ұйымдарының өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді.

Нәсілдік кемсітушілікті жою жөніндегі комитеттің 106-сессиясында Қазақстанның кезекті баяндамасын қарау қарсаңында Э.Әзимованың осы шарттық органның мүшелерімен кездесу өтті. Кездесу барысында Комитет мүшелері ұлттық құқық қорғау жүйесін нығайту және азаматтардың сот төрелігіне қол жеткізуі бойынша қабылданып жатқан шараларды талқылауға қызығушылық танытты. Уәкіл ҚР Президентінің азаптаулар туралы істерді тергеу жөніндегі прокуратураның өкілеттіктерін күшейту, азаматтарға, Уәкіл мен Бас прокурорға Конституциялық сотқа жүгіну құқығын беру жөніндегі бастамалары және азаматтардың саяси құқықтарын күшейту, «Жаңа Қазақстанды» құру жөніндегі басқа да бастамалар туралы хабарлады. Кездесуге қатысушылар заңнамалық кепілдіктер мен құқықтардың бұзылуы туралы шағымдарға ден қою және олардың шаралар қабылдауы жөніндегі жағдайды егжей-тегжейлі айтып берді.

21 және 22 сәуірде Э.Әзімова Комитеттің Қазақстан баяндамасын қарау үдерісіне бақылаушы ретінде қатысты.

Сондай-ақ, 21 сәуірде Женеваға сапары барысында ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Э.Әзімова БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары Мишель Бачелетпен осы бағыт бойынша Президент Қ. Тоқаев ұсынған реформаларды іске асыру мақсатында еліміздегі адам құқықтары жағдайының өзекті мәселелерін және техникалық ынтымақтастықтың негізгі аспектілерін талқылады.

Жоғарғы комиссар Қазақстанның өткен жылдың соңында Омбудсмен туралы заңның қабылдануына жоғары баға берді және бұл шара еліміздің адам құқықтары саласындағы өз міндеттемелерін толыққанды орындауына ықпал ететінін атап өтті. Сонымен қатар, М.Бачелет уәкілдер мен ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларына қаңтардағы қайғылы оқиғалар кезінде атқарған жұмысы үшін ризашылығын білдірді.

Э.Әзімова қайғылы оқиғаларды тергеу барысы және зардап шеккендер мен ұсталған адамдардың құқықтарын қорғау бойынша оның кеңсесі қабылдап жатқан шаралар туралы хабардар етті, елдің міндеттемелерін іске асырудағы проблемалық мәселелерді жою мақсатында ол тиісті оқу тренингтерін өткізу нысанында БҰҰ тарапынан ҚР құқық қорғау органдарына сараптамалық көмектің маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, Уәкіл Парламенттің қазіргі уақытта азаматтық секторда белсенді талқыланып жатқан қоғамдық бақылау туралы заңды қарастырғаны туралы хабарлады және Жоғарғы комиссардың кеңсесін оның халықаралық нормалар мен стандарттарға сәйкестігі туралы ұсыныстар беруге шақырды.

Жоғарғы комиссар Басқарманың және оның институттарының Қазақстанға және Адам құқықтары жөніндегі уәкілге, әсіресе Президент Қ.Тоқаевтың адам құқықтарын қорғау және саяси құқықтарды іске асыру кепілдіктерін күшейту мақсатындағы бастамаларын іске асыру тұрғысынан қажетті сараптамалық қолдау көрсетуге дайындығын растады.

Уәкіл Э.Әзімова БҰҰ-ның бейбіт жиындар мен ассоциация еркіндігі құқығы жөніндегі Арнайы баяндамашысы К. Вулмен және Ерікті түрде ұстау жөніндегі жұмыс тобының төрағасы Э. Штейнертпен екіжақты кездесулер өткізді.

Кездесуге қатысушылар Қазақстанда өткізілген қаңтар оқиғаларына қатысты кең ауқымды тергеу аясында құқық қорғау органдары әрекеттерінің халықаралық-құқықтық нормаларға сәйкестігі мәселесін талқылады, сондай-ақ бейбіт жиналыстарға құқық бойынша ҚР заңнамасын жетілдіру мәселелері, бейбіт жиналыстар жаппай тәртіпсіздікке ұласқан жағдайда құқық қорғау органдарының ден қою шаралары, сондай-ақ адамдарды ұстау шарттары бойынша пікір алмасты.

Осы тұрғыда БҰҰ сарапшылары мемлекеттік органдардың тергеуі бейтарап және ашық болады, сондай-ақ адам құқықтарын бұзғаны және ұсталғандарды қатыгездікпен қарағаны үшін кінәлі лауазымды тұлғалар жауапқа тартылады деген үміт білдірді. БҰҰ-ның құқық қорғау тетіктерінің өкілдері Уәкіл мен Ұлттық превентивтік механизмнің қатысушыларын осы бағыттағы жұмысты жалғастыруға және бұзылған адам құқықтарын қалпына келтіруге көмек көрсетуге шақырды.

Уәкіл Э. Әзімованың Женеваға сапарына байланысты Халықаралық заңгерлер комиссиясы, Хьюман Райтс Вотч, Халықаралық амнистия сияқты жетекші халықаралық құқық қорғау ұйымдары 2022 жылғы 25 сәуірде елде жүргізіліп жатқан қаңтар оқиғаларына тергеуге қатысты, сондай-ақ әділ сот талқылауы құқығы кейбір нақты мәселелер бойынша ашық диалог форматында кезекті іс-шара ұйымдастырды. Бұл кездесуге отандық ҮЕҰ өкілдері де қатысты.

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Э.Әзімова кездесуге қатысушыларды Қазақстанның құқық қорғау органдарының жұмысын жетілдіруге оң ықпал ету үшін сындарлы ынтымақтастық пен бірлескен жұмысқа шақырды.

Іс-шара аса резонансты оқиғалар мен өзекті мәселелер бойынша пікір алмасуға, Қазақстандағы адам құқықтары мен құқық үстемдігін қорғау жүйесін нығайту саласындағы одан әрі бірлескен жұмыс үшін қадамдарды белгілеуге мүмкіндік берді.

Сонымен қатар, Э.Әзімова сапары аясында Қазақстан мен Канаданың Тұрақты өкілдіктерінің тұрмыстық зорлық-зомбылық тақырыбына арналған «Қарапайым заттар» атты бірлескен фотокөрмесінің ашылуына қатысты. Көрме зорлық-зомбылыққа тап болған қазақстандық әйелдердің шынайы тарихы туралы баяндайды. Қазақстанның Адам құқықтары жөніндегі уәкілі көрмеге қатысушыларды әйелдердің құқықтарын қорғау жөніндегі мемлекеттік саясат туралы хабардар етті және қоғамда осы проблемаға мүлдем нөлдік төзімділікті қалыптастыру мақсатында осы тақырыпта үнемі сөз сөйлеу қажеттігін атап өтті.