Женевада Қазақстанның Тұрақты өкілдігінің ұйымдастыруымен көрме ашылды

Женевада Қазақстанның Тұрақты өкілдігінің ұйымдастыруымен көрме ашылды

Женева, 2022 ж. 25 сәуір – БҰҰ Ұлттар сарайында ҚР БҰҰ бөлімшесі және Женевадағы басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілдігінің БҰҰ бөлімшесі, Қазақстандағы Канада Елшілігі, БҰҰ Халық қоныстануы саласындағы қоры (ЮНФПА), ҚР-дағы БҰҰ Тұрақты үйлестірушісінің кеңсесі және БҰҰ-Әйелдер құрылымымен бірлесіп ұйымдастырылған «Кәдімгі заттар» көрмесінің салтанатты ашылуы өтті.

Қазақстанның Адам құқықтары жөніндегі кеңесіне мүшелігі шеңберінде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күресуге арналған іс-шарада ҚР Тұрақты өкілі Ерлан Әлімбаев, Женевадағы БҰҰ бөлімшесінің директоры Татьяна Валовая, Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова, Канаданың Тұрақты өкілі Лесли Нортон, Женевадағы ЮНФПА кеңсесінің директоры Моника Ферро және БҰҰ-Әйелдер Женевадағы бөлімшесінің директоры Адриана Киньонес сөз сөйледі.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық - бүкіл әлемде әйелдер ұшырайтын зорлық-зомбылықтың кең таралған түрлерінің бірі. БҰҰ-Әйелдер құрылымының мәліметтеріне сәйкес, әрбір үшінші әйел өмірінде кем дегенде бір рет жыныстық немесе физикалық зорлық-зомбылыққа ұшырады, ал COVID-19 пандемиясы кезінде мұндай жағдайлардың саны артты.

ҚР-дағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясатының жаңартылған тұжырымдамасына сәйкес, Үкімет 2030 жылы әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықты 50%-ға төмендетуге қол жеткізуді жоспарлауда.

Аталған көрме алғаш рет Нұр-Сұлтан қаласында Канада Елшілігі, БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісінің офисі, ЮНФПА, «БҰҰ-Әйелдер» және STEPPE интернет-басылымы ұйымдастыруымен ҚР Ішкі істер министрлігінің қолдауымен «гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді іс-қимылдың 16 күні» науқаны аясында өтті.