
Женева, 2022 жылғы 13 сәуір – Қазақстан Республикасының Женевадағы БҰҰ бөлімшесі жанындағы және басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Ерлан Әлімбаев ЭКОСОС жанында аккредиттелген «Ақырзаман әулиелері» христиан қайырымдылық ұйымы Женевадағы филиалының өкілдері Рулон және Жаклин Маннспен кездесті. Әңгімелесушілер ұйымның, оның ішінде Женевадағы және Қазақстандағы қызметі туралы айтып берді.
Атап айтқанда, ұйымның женевалық бөлімшесі ЭКОСОС аккредитациясынан өткен үкіметтік емес ұйымдар мен дипломатиялық өкілдіктер арасындағы өзара әрекеттесуге ықпал етеді. Бұл ұйым бірнеше жылдан бері Қазақстанда гуманитарлық жобаларға қатысып, табиғи апаттан зардап шеккендерге, мүгедектерге, ауруханалар мен емханаларға көмек көрсетіп келе жатқанын ерекше атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша Е.Әлімбаев қайырымдылық ұйымының өкілдеріне брифинг үшін алғыс айтып, алдағы уақытта ықтимал екіжақты ынтымақтастыққа қызығушылық білдірді.