Алматыда Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай федерациясының Гуманитарлық дипломатия бойынша өңірлік хабын құру туралы

Алматыда Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай федерациясының Гуманитарлық дипломатия бойынша өңірлік хабын құру туралы

Женева, 2022 жылғы 1 сәуір - Қазақстан Республикасының Женевадағы БҰҰ бөлімшесі жанындағы және басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Ерлан Әлімбаев Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай қоғамдары халықаралық федерациясының Орталық Азиядағы аймақтық басқармасының басшысы Севаль Гузелькилинчпен ағымдағы екіжақты ынтымақтастықты және оны одан әрі дамыту келешегін талқылады.

С.Гузелкилинч ханым Федерацияның Қазақстанда жүзеге асырып жатқан және жоспарланған жобалары, оның ішінде төтенше жағдайларға ден қою және төтенше жағдайлардан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсету бойынша дайындықтар туралы айтып берді. Сонымен қатар, ол Федерацияның Алматыдағы өкілдігі негізінде Гуманитарлық дипломатияның өңірлік хабын құру жоспарларымен бөлісті.

Е.Әлімбаев еліміздің Федерациямен Қазақстан және Орталық Азиядағы бірлескен жобаларды одан әрі жүзеге асыруға қызығушылығын растап, құрылып жатқан хаб шеңберінде ұсыныстарды қарастыруға дайын екенін білдірді.