Халықаралық еңбек ұйымымен ынтымақтастық туралы

Халықаралық еңбек ұйымымен ынтымақтастық туралы

Женева, 2022 жылғы 28 наурыз – Қазақстан Республикасының Женевадағы БҰҰ бөлімшесі мен басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Ерлан Әлімбаев Қазақстанның Халықаралық еңбек ұйымымен Еуропа мен Орта Азиядағы өңірлік директоры Хайнц Коллермен ынтымақтастығының ағымдағы мәселелері мен перспективаларын талқылады.

Е.Әлімбаев Қазақстанда еңбекшілердің құқықтарын қорғау саласында жүргізіліп жатқан реформалар туралы, атап айтқанда, 2020 жылы ҚР заңнамасына енгізілген өзгерістер және оларды іске асыру барысы туралы әңгімелесушіні хабардар етті.

Х. Колер ХЕҰ-ның 2018 жылғы Жол картасында және халықаралық еңбек конференциясының шешімдерінде айқындалған міндеттерді іске асыру мақсатында еліміздің еңбек заңнамасының оң өзгерістерін құптады.

Сонымен қатар, тараптар ағымдағы жылғы 4-12 мамыр аралығында өтетін ХЕҰ миссиясының Қазақстанға сапарын талқылады, оның барысында қол жеткізілген прогресті бағалау және еңбекті ұйымдастыру ұсынымдарының іске асырылу барысын талқылау үшін халықаралық сарапшылардың ҚР мемлекеттік органдарымен және кәсіподақтарымен кездесулері жоспарланған.