Женевада Қазақстанның Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен ынтымақтастығы талқыланды

Женевада Қазақстанның Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен ынтымақтастығы талқыланды

Женева, 2022 жылғы 24 наурыз - Қазақстан Республикасының Женевадағы БҰҰ бөлімшесі жанындағы және басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Ерлан Әлімбаев Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропа бойынша өңірлік директоры Ханс Клюгемен онлайн форматта кездесті.

Әңгімелесушілер Қазақстан мен ДДҰ арасындағы ынтымақтастықтың ахуалы бойынша пікір алмасты. Әлімбаев ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың 2021 жылғы 29 қарашадағы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының арнаулы сессиясына қатысуының және оның ДДҰ Бас директорымен екіжақты кездесуі бойынша уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысына тоқталды. Сонымен қатар, Х.Клюгенің ТМД парламентаралық ассамблеясының салтанатты отырысына қатысу үшін, сондай-ақ еліміздің және бірқатар мемлекеттік органдар басшылығымен екіжақты кездесулер өткізу мақсатында ү.ж. 28-30 наурызда Казақстанға жоспарланған сапары талқыланды.