Президенттің Жолдауы Женевада талқыланды

Президенттің Жолдауы Женевада талқыланды

Женева, 2022 жылғы 18 наурыз – Қазақстан Республикасының  Женевадағы БҰҰ бөлімшесі және басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Ерлан Әлімбаев БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары Мишель Бачелетпен кездесу өткізді.

Қазақстандық дипломат БҰҰ әріптесін Президент Қ.Тоқаевтың 16 наурыздағы Қазақстан халқына жолдауында баяндалған саяси реформалардың кең ауқымды бағдарламасы мен «Жаңа Қазақстан» құрылуының тұжырымдамасымен таныстырды. Сонымен бірге, Е.Әлімбаев Жоғарғы комиссарға еліміздегі қаңтар айындағы оқиғаларды тергеу бойынша соңғы ақпаратты ұсынды.

Өз кезегінде М.Бачелет Мемлекет басшысының жаңа саяси бағдарламасына шынайы қызығушылық танытып, Қазақстан мен БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі басқармасы арасындағы өзара сындарлы іс-қимылдың одан әрі жалғасатынына сенім білдірді.