Женевада Қазақстан және АҚШ арасындағы жан-жақты ынтмақтастық талқыланды

Женевада Қазақстан және АҚШ арасындағы жан-жақты ынтмақтастық талқыланды

Женева, 2022 жылғы 18 наурыз  – Қазақстан Республикасының  Женевадағы БҰҰ бөлімшесі және басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Ерлан Әлімбаев АҚШ-тың Тұрақты өкілі Батшеба Кроккермен кездесу өткізді.

Әңгімелесу барысында қазақстандық дипломат американдық әріптесін Президент Қ.Тоқаевтың 16 наурыздағы Қазақстан халқына жолдауында баяндалған саяси реформалардың кең ауқымды бағдарламасы мен «Жаңа Қазақстан» құрылуының тұжырымдамасымен таныстырды.

Тараптар БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесіндегі өзара іс-қимыл мен басымдықтарын, сондай-ақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен Халықаралық электрбайланысы одағы шеңберіндегі ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Женева алаңында адам құқықтары мәселелері бойынша тиімді өзара әрекеттесі мен екіжақты және көпжақты деңгейлердегі ықпалдасуды нығайтуға ерекше назар аударылды.