
Қалыптасқан дипломатиялық тәжірибеге сәйкес Женевадағы БҰҰ бөлімшесі және басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының жаңадан келген Тұрақты өкілі Ерлан Әлімбаев әріптестеріне сыпайылық сапарларын жасады.
2022 жылғы 11 ақпан мен 4 наурыз аралығында Аргентина, Армения, Әзербайжан, Бразилия, Еуропалық Одақ, Қытай, Латвия, Ливия, Литва, Люксембург, Нидерланды, Өзбекстан, Пәкістан, Польша, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Украина, Ұлыбритания, Үндістан, Финляндия, Франция, Черногория және Жапония елшілерімен екі жақты кездесулер өткізілді.
Әріптестерімен жан-жақты әңгімелесу барысында қазақстандық дипломат сұхбаттасушылардың назарын Қазақстанның әлеуметтік-саяси дамуына аударды, «Жаңа Қазақстан» құрылысының тұжырымдамасы аясында жүргізіліп жатқан реформалар туралы айтты.
Женева алаңындағы адам құқықтары, қарусыздану мәселелері бойынша серіктестермен сапалы және тиімді өзара іс-қимыл жасауға, сондай-ақ өңірлік және көп жақты деңгейдегі сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және экологиялық жолдағы ынтымақтастықты тереңдетуге ерекше назар аударылды.