ҚР Тұрақты өкілі БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі комиссары басқармасымен ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады

ҚР Тұрақты өкілі БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі комиссары басқармасымен ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады

Женева, 2022 жылғы 14 ақпан - Қазақстан Республикасының Женевадағы БҰҰ бөлімшесі жанындағы және басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Е.Әлімбаев БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссарының орынбасары Нада Әл-Нашифпен кездесті.

Әңгімелесушілер Қазақстан мен БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасы арасындағы ықпалдасудың ахуалын талқылады. «Қасіретті қаңтар» оқиғаларын тергеу барысына, оның транспаренттілігі мен азаматтық қоғамның бұл процеске қатысуын қамтамасыз ету бойынша Қазақстанның қабылдап жатқан шараларына ерекше назар аударылды.

Тұрақты өкіл ҚР Сыртқы істер министрінің Орталық Азия бойынша Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасының өңірлік өкілі Р.Комендамен, Еуропалық одақтың Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Т. Хакаламен және Human Rights Watch халықаралық құқық қорғау ұйымының атқарушы директоры Кеннет Ротпен ақпан айының бірінші онкүндігінде өткен кездесулерінің нәтижелері туралы хабардар етті.

Жоғарғы комиссардың орынбасары ҚР Үкіметінің жүргізіп жатқан жұмысын жоғары бағалап, ұлттық құқық қорғау институттарының қаңтар оқиғаларын тергеуге қатысуының маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, Нада Әл-Нашиф Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасының Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевтың бастамасымен жүргізіліп жатқан саяси реформаларды жүзеге асыру үшін техникалық көмек көрсетуге дайындығын білдірді.

Е.Әлімбаев Қазақстанның БҰҰ құқық қорғау механизмдерімен ынтымақтастыққа ашық екенін, адам құқықтарын қорғау саласындағы өзінің халықаралық міндеттемелерін толықтай ұстанатынын және Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасы мен оның өңірлік өкілдігімен тиісті Жол картасын келістіру бойынша жұмыс істеуге дайын екенін атап өтті.