Қазақстан Республикасының Женевадағы Тұрақты өкілі Қарусыздандыру жөніндегі конференцияның Төрағасына сенім грамотасын табыс етті

Қазақстан Республикасының Женевадағы Тұрақты өкілі Қарусыздандыру жөніндегі конференцияның Төрағасына сенім грамотасын табыс етті

2022 жылғы 15 ақпанда Қазақстан Республикасының Женевадағы БҰҰ бөлімшесі және басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Ерлан Әлімбаев Қарусыздандыру жөніндегі конференцияның Төрағасы, Елші Ли Сонгқа сенім грамотасын табыс етті.

Кездесу барысында Қазақстан өкілі қарусыздандыру, таратпау және қару-жарақты бақылау саласындағы жалғыз көпжақты форум ретінде Қарусыздандыру жөніндегі конференцияны сақтау мен нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

Е.Әлімбаев Қазақстанның форум жұмысын белсендендіруге бағытталған барлық сындарлы ұсыныстарды қолдайтынына көңіл аударды. Республикамыз Конференция алаңында ядросыз әлемге қол жеткізуге, ядролық сынақтарға тыйым салуға және биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған өз бастамаларын ілгерілетіп келетініне тоқталды.

Өз кезегінде, Елші Ли Сонг Қазақстан мен жеке Президент Қ.Тоқаевқа қарусыздандыру бойынша белсенді ұстанымы, еліміздің жаһандық қарусыздану үдерістеріне қосқан субстантивті және сындарлы үлесі үшін алғысын білдірді.