Қазақстаның Женевадағы Тұрақты өкілі сенім грамоталарын табыс етті

Қазақстаның Женевадағы Тұрақты өкілі сенім грамоталарын табыс етті

2022 жылғы 11 ақпанда Женевадағы Ұлттар Сарайында БҰҰ бөлімшесі мен басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының жаңадан тағайындалған Тұрақты өкілі Ерлан Әлімбаев БҰҰ Женевадағы бөлімшесінің Бас директоры Татьяна Валоваяға сенім грамоталарын салтанатты түрде табыс етті.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен БҰҰ арасындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады. Адам құқықтары, қарусыздану, сондай-ақ көпжақты алаңда сауда-экономикалық және экологиялық мәселелер бойынша өзара іс-қимылды тереңдету мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Т.Валовая 2021 жылғы қарашада өткен Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың Женеваға сапары екіжақты ынтымақтастықты одан әрі жандандыруға елеулі серпін бергенін және Қазақстан мен БҰҰ арасындағы сындарлы өзара іс-қимылды барынша кеңейтудің маңыздылығын растағанын атап өтті.