Қазақстанның өкілі Қарусыздандыру жөніндегі конференцияның ядролық қарусыздандырудың верификациясы бойынша отырыста сөз сөйледі

Қазақстанның өкілі Қарусыздандыру жөніндегі конференцияның ядролық қарусыздандырудың верификациясы бойынша отырыста сөз сөйледі

11-ші мамырда Тұрақты Өкілі Жанар Айтжанова Қарусыздандыру жөніндегі конференцияның ядролық қарусыздандыру верификациясының мәселесіне арналған отырыста сөз сөйледі.

Қазақстанның өкілі жақын арада екі оқиғаның - Ресей мен АҚШ арасындағы Стратегиялық шабуыл қару-жарақтарын қысқарту мен шектеу шаралары туралы шарттың ұзартылуы және Ядролық қаруға тыйым салу туралы шарттың күшіне енуі - верификация мәселесі шеңберіндегі маңыздылығын атап өтті. Ресей және АҚШ Стратегиялық шабуыл қару-жарақтарын қысқарту мен шектеу шаралары туралы шарттың орындауын өзара тексеру саласында қомақты тәжірибе жинақтап, осыған орай болашақ верификация механизмдерінің техникалық және практикалық негізін салды. Қазақстан аталған шартқа мүше болған кезінде оның аумағында қалған ядролық арсеналынан бас тарту және әскери инфрақұрылымын жою саласындағы өз міндеттемелерін толық түрде жүзеге асырды.

Ядролық қаруға тыйым салу туралы шарттың шеңберінде ядролық қаруды жою жөніндегі органы немесе органдарын құруы туралы келіссөздер басталды. Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу жөніндегі ұйымының осы саладағы міндеттемелерді тексеруге маңызды үлес қосуы мүмкін. Сонымен қатар, Қазақстан тарапының пікірінше, бөлінетін материалдарды өндіруге тыйым салу туралы шарттың күшіне енуі ядролық қарусыздандыру верификациясының маңызды жағдайы болып табылады.

Тұрақты Өкіл ядролық және ядролық емес елдердің ұстанымдарын біріктіруге арналған БҰҰ ядролық қарусыздандыру верификациясы жөніндегі үкіметтік сарапшылардың тобына Қазақстанның қолдауын және оның жұмысына  қатысуын атап өтті.

Қазақстанның осы салаға үлес қосуға деген ұмтылысы тиімді тексеру ядролық қарусыз әлем құру процесінің негізгі элементі болып табылады деген сенімге негізделген.