Түркістан ресми түрде түркі әлемінің астанасы болып танылды

Түркістан ресми түрде түркі әлемінің астанасы болып танылды

2021 жылғы 31 наурызда онлайн форматта Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің бейресми саммиті өтті.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев іс-шараны аша отырып, барлық түркі халықтары үшін Түркістан қаласы ата-бабалардың мекені, берекелі жер және туған ошақ екенін атап өтті. Президент Түркі өркениетін жаңғыртуды, ең алдымен, күллі әлемге Яссауи мұрасы мен қасиетті Түркістанды таныстырудан бастауға шақырды.

Саммит аясында Елбасы Н.Ә. Назарбаев Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің құрметті төрағасы ретінде сөз сөйледі.

Елбасы бейресми Саммит Түркі кеңесінің бауырлас елдері арасындағы достық пен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға қосымша серпін беретініне сенім білдірді. Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ COVID-19 пандемиясымен байланысты бүкіл халықаралық қоғамдастық үшін күрделі кезеңде түркі елдері бірлікті сақтай алғанын атап өтті.

Түркістандағы саммит – құрылыс, туризм, инфрақұрылымдық даму сияқты салаларды дамыту аясындағы инвестициялық жобаларды іске асыруға арналған халықараылқ презентация. 90-шы жылдардың соңында Нұр-Сұлтан қаласында өткен халықаралық таныстырымы Түркістан қаласының дамуына серпін берді.

Стратегиялық маңызды кеңесте Түркітілдес елдердің басшылары сондай-ақ Түркітілдес мемлекеттердің соңғы онжылдықта қол жеткізген елеулі саяси және әлеуметтік-экономикалық прогресін атап өтті. Саммитке қатысушылар түркі әлеміндегі жан-жақты қатынастардың дамуына және түркі мемлекеттері арасындағы ынтымақтастықтың одан әрі тереңдеуіне назар аударды. Сонымен қатар, саммит аясында Түркістан декларациясы қабылданып, оған сәйкес Түркістан ресми түрде түркі әлемінің рухани астанасы болып танылды.

Түркістан – Түркі әлемінің символы. Біздің ата-бабаларымыз мұнда ұлы ұстаз Қожа Ахмет Ясауиден рухани білім алып, түркі-ислам мәдениетін әлемге таратқаны белгілі. Сондықтан кеңеске қатысушылар Түркі әлемінің рухани астанасының жаңғыруына өз үлестерін қосуы тиіс.

Жаңғыртылған Түркістан – тәуелсіз ел болған 30 жыл ішінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы басшылығының көмегімен Қазақстанның кезекті жетістігі.