
2021 жылы 30 наурызда «Азия-Тынық мұхит өңірінің (АТӨ) экономикалық перспективалары: Дамыту мақсатында инвестицияларды көтермелеу жөніндегі Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) келіссөздері» тақырыбына арналған жоғары деңгейдегі виртуалды аймақтық дөңгелек үстелі өтті.
ДСҰ жанындағы ҚР Тұрақты өкілі Жанар Айтжанова бұл іс-шараға Қазақстан Республикасы атынан ДСҰ-ның 12-ші Министрлік конференциясының (МК-12) төрағасы ретінде сөз сөйледі. Елші Ж.Айтжанова өз сөзінде Азия-Тынық мұхит өңірінің елдерін Женевада осы жылғы 30 қараша-3 желтоқсан аралығында өтетін ДСҰ-ның жаһандық конференциясында Дамыту мақсатында инвестицияларды көтермелеу жөніндегі Келісімі туралы келіссөздерде маңызды нәтижелерге қол жеткізуге шақырды.
ҚР Тұрақты өкілі Ж.Айтжанова аталған ДСҰ-ның Келісімі бойынша келіссөздерде 100-ден астам ДСҰ-ның мүше-мемлекттері, соның ішінде АТӨ-нің 23 елдері белсенді қатысуын атап өтті. МК-12-де осы Келісім бойынша нақты нәтижелерге қол жеткізу инвесторларға және халықаралық қоғамдастыққа ДСҰ-ның ХХІ ғасырдың талаптарына сәйкестігіне күш беріп, сондай-ақ COVID-19 пандемиясынан кейін өңірлік экономиканы қалпына келтіруге қолғабыс ететін болады.
2020 жылы COVID-19 пандемиясы жаһандық экономикаға теріс экономикалық әсер етіп, зор шығын келтірді. Өңірге шетелдік тікелей инвестициялар ағынының 2020 жылы 30-45%-ға азайғанын ескерсек, Азия аймағы - осы дағдарыстың барысында ең көп зардап шеккендердің бірі.
Бұл ретте Елші Ж.Айтжанова ДСҰ-ның келешек Келісімі инвестицияларды тартуға халықаралық ынтымақтастыққа, сондай-ақ экономиканы қалпына келтіруге, экспортты диверсификациялауға және АТӨ өңірінде және халықаралық деңгейде экономиканы тұрақты дамытуға ықпал ететінін білдірді.
Бұл іс-шарада БҰҰ-ның Азия мен Тынық мұхитқа арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссияның (АТМЭӘК) Атқарушы хатшысы А.Алисджабана, Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттері ассоциациясының (АСЕАН) Бас хатшысы Л.Д.Хой, Халықаралық сауда орталығының Бас директоры П.Коук-Хамилтон, сондай-ақ Дүниежүзілік экономикалық форумның Президенті Б.Бренде сөйледі.
Сонымен қатар, Вануату, Фиджи Республикасының, Камбоджа сауда министрлері, ДСҰ-ның Бас директорының орынбасары К.Йи, ДСҰ жанындағы Индонезия, Қытай, Малайзия және Чилидің өкілдері мәлімдеме жасады.
Азия-Тынық мұхиты аймағындағы кейбір елдердің министрлері мен ДСҰ-дағы тұрақты өкілдері пандемияның жағымсыз салдарын жою үшін жаһандық ынтымақтастықтың маңыздылығын, сондай-ақ инвестицияларды ынталандыру туралы келісім бойынша ДСҰ-ның қазіргі келіссөздерінің дағдарыстан кейінгі кезеңде Азия экономикасының инвестицияларын тартуға және орнықты дамуына қол жеткізуге қолғабыс ету үшін шешуші рөлін атап өтті.