
2021 жылғы 26 наурызда Қазақстанның Женевадағы БҰҰ бөлімшесі және басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты Өкілдігі Еуразиялық экономикалық комиссияның Сауда жөніндегі Алқа мүшесі (Министр) А.Слепневпен оның Швейцария Конфедерациясына сапары шеңберінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің Тұрақты өкілдерінің кездесуін ұйымдастырды.
Кездесу барысында ЕАЭО мүшелерінің Дүниежүзілік сауда ұйымымен (ДСҰ) және БҰҰ Сауда және даму жөніндегі конференциясымен (ЮНКТАД) ынтымақтастық шеңберіндегі өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің Тұрақты өкілдері алдағы ДСҰ-ның 12-ші министрлік конференциясында Қазақстанның төрағалығына қолдау білдірді және ДСҰ-ның негізгі келіссөздер бағыттары бойынша, сондай-ақ Беларусь Республикасының ДСҰ-ға кіруі мәселелері бойынша ЕАЭО шеңберінде үйлестіру мен өзара іс-қимылды күшейту қажеттігін атап өтті.
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Еуразиялық экономикалық одақ органдарындағы төрағалықты қабылдады.