
2021 жылғы 23 наурызда БҰҰ-ның Женевадағы Бөлімшесі жанындағы ҚР Тұрақты өкілі Жанар Айтжанова Қазақстан Республикасы атынан теңізге шығатын жолы жоқ дамушы елдердің (РСНВМ) Жаһандық төрағасы ретінде Дүниежүзілік Сауда Ұйымының дамушы елдерге көмек көрсететін «Сауда мүддесіндегі көмек» бағдарламасының 7-ші отырысында сөз сөйледі. Аталған іс-шараның мақсаты COVID-19 пандемиясының РСНВМ елдеріне теріс әсерін талқылау және аталған елдердің экономикасының тұрақтылығын қалпына келтіруді қамтамасыз ету мақсатында ынтымақтастықты нығайту болды.
Іс-шараны Қазақстан және БҰҰ Бас хатшысының ең аз дамыған елдер, теңізге шыға алмайтын дамушы елдер және шағын аралдық дамушы мемлекеттер бойынша жоғары өкілінің басқармасы Дүниежүзілік сауда ұйымымен (ДСҰ) бірлесіп ұйымдастырды.
Іс-шараны БҰҰ-OHRLLS Жоғарғы өкілі Ф.Утоикаману ашты. БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Ф.Утоикаману өз сөзінде COVID-19 пандемиясының жойқын әсері РСНВМ елдеріндегі жағдайды ушықтырып жібергеніне тоқталып, пандемияның салдарымен күресуде РСНВМ-ге қолдау көрсетуге және қалпына келтіруге шақырды.
Елші Ж.Айтжанова COVID-19 пандемиясының РСНВМ-нің дамушы елдерінің келешегіне орасан зор кедергі келтіретініне тоқталды. Қазіргі уақытта оларда инвестиция және сауданың ағыны төмендеп, қарыз өсіп, бюджеттік аударымдар тым қысқарып жатыр. Ол сондай-ақ, РСНВМ елдері экспорттың 60%-ын құрап отырған, 80% шикізат тауарларына тәуелді екенін атап көрсетті.
Ж.Айтжанова COVID-19 пандемиясының салдарынан кейін қалпына келтірудегі күш-жігерін жұмылдыруда едәуір теріс ықпалы болуы мүмкін, сондықтан қазіргі дағдарыстан шығу үшін РСНВМ елдеріне сауданы кеңейту және инвестициялар тарту мақсатында ғаламдық, соның ішінде ДСҰ-ның дамушы елдерге көмек көрсетуге бағытталған «Сауда мүддесіндегі көмек» бастамасы шеңберінде өзара көмек көрсетуі қажеттігіне тоқталды.
ҚР Тұрақты өкілі цифрлық трансформация тұрғысында кедендік және салықтық әкімшілендірудің «АСТАНА-1» автоматтандырылған жүйесі жобасын табысты іске асырудағы Қазақстан мен БҰҰ-ның Сауда және даму жөніндегі конференциясының (ЮНКТАД) өзара бірлескен тәжірибесімен бөлісті. Бұл ынтымақтастықтың нәтижесінде Қазақстан экспорттық-импорттық және транзиттік операциялар үшін «Бірыңғай терезе» енгізу арқылы кедендік рәсімдерді цифрландырды, сондай-ақ бизнесті жүргізу үшін құжаттандыруға қажетті шығыстар мен талаптарды, уақытты едәуір қысқартты.
Жүргізілген реформалардың нәтижесінде, Қазақстанда пандемия кезінде электрондық сауда мен электрондық төлемнің артқаны байқалады. 2020 ж. бірінші жартысында онлайн сауданың көлемі 1 млрд. АҚШ долларын құрады. Жалпы алғанда, бөлшек саудадағы электрондық сауданың үлесі 2019 жылғы 5%-дан, 2020 жылы 9.4%-ға өсті.
Елші Ж.Айтжанова электрондық коммерция саласындағы жаһандық қағида бойынша ДСҰ аясындағы ағымдағы келіссөздерге тоқтала келе, РCНВМ елдерін қажетті ұлттық нормативтік-құқықтық базаны әзірлеу және келіссөздер әлеуетін арттыру мақсатында халықаралық ұйымдармен ынтымақтасуға шақырды.
Бұл ретте ол Халықаралық сауда орталығы және ЮНКТАД-пен электрондық сауданы реттейтін ұлттық заннаманы әзірлеу жөніндегі бірлескен жобаның Қазақстанда іске асып жатқандығын еске салды.
Сонымен бірге, отырыста Ботсвананың Инвестиция, сауда және индустрия министрі П.Сераме, Непалдың индустрия және коммерция министрі Л.Бхатта, Дүниежүзілік Кеден ұйымының Бас хатшысы К.Микурия, ДСҰ Бас директорының орынбасары Й.Ага, сондай-ақ ЮНКТАД-тың, Еуропалық экономикалық комиссияның және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының өкілдері де сөз алды.