Женева қаласындағы Қазақстан Республикасының БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілдігі виртуалды форматта өткен Наурыз мейрамын тойлауға қатысты

Женева қаласындағы Қазақстан Республикасының БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілдігі виртуалды форматта өткен Наурыз мейрамын тойлауға қатысты

2021 жылы 19 наурызда Женева қаласындағы Қазақстан Республикасының БҰҰ бөлімшесі және басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілдігі Наурыз мейрамын тойлауға арналған виртуалды іс-шараға қатысты.

Аталған іс-шараға Иран, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркия, Түркіменстан, Ауғанстан, Әзірбайжан, Ирак, Пәкістан, Үндістан және Тәжікстанның тұрақты өкілдіктері қолдау көрсетті.

Іс-шараның салтанатты ашылуында Женевадағы БҰҰ Бөлімшесінің Бас директоры Т.Валовая, ДЗМҰ Бас директоры Д. Тэнг, ХЭО Бас хатшысы Х. Чжао және Женевадағы ЮНЕСКО бөлімшесінің директоры В. Дефурни, сондай-ақ миссиялардың Тұрақты өкілдері өзінің құттықтауларын жеткізді. Іс-шарада әлем елдерінің Наурызды тойлаудың ұлттық дәстүрлері мен ерекшеліктері туралы  бейнеклиптер көрсетілді.

Женева қаласындағы Қазақстан Республикасының БҰҰ Бөлімшесі және басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Жанар Айтжанова өзінің құттықтау сөзінде биылғы жыл бүкіл әлем үшін қиын болғанын атап өтті. Оған қоса, бірлік бар жерде кез келген қиыншылықтарды жеңуге болатынын және бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтап, үміт үзбеу қажеттігін ескертті. Сондай-ақ, Тұрақты өкіл Қазақстан 2020 жылы Абайдың 175 жылдығын атап өту барысында Женева қаласындағы БҰҰ бөлімшесіне ақынның бюстін сыйға тартқан ойшыл және ақынның дана сөздерін келтірді: «Қары қалың қатты қыстың артынан көгі мол, жақсы жаз келмеуші ме еді».

2009 жылы Наурыз мейрамы ЮНЕСКО адамзаттың материалдық емес мәдени мұраларының тізімне енгізілді, ал 2010 жылы Наурыз мейрамы Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының қаулысымен Халықаралық Наурыз күні болып жарияланды.

Наурыз мейрамы халықаралық қауымдастықтың ортақ мәдени мұрасы ретінде танылған және табиғаттың жаңаруы мен өмірдің салтанаты, сонымен қатар, ынтымақтастықты, бауырластықты және достықты көрсетуге мүмкіндік беретін, БҰҰ деңгейінде тойланатын мейрам болып саналады.