Қазақстан, Еуропалық Одақ және Халықаралық сауда орталығы сауданы дамытуға бағытталған өңірлік жобаны іске салды

Қазақстан, Еуропалық Одақ және  Халықаралық сауда орталығы сауданы дамытуға бағытталған өңірлік жобаны іске салды

2020 жылғы 4 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Женевадағы БҰҰ бөлімшесі мен басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілі Жанар Айтжанова Халықаралық сауда орталығы өткізген Орталық Азия елдеріне арналған "Ready4Trade Central Asia" өңірлік жобасының Қазақстанда іске асыруға бастағаны жайында жоғары деңгейдегі виртуалды іс-шараға қатысты.

Бұл жобаны ҚР Сауда және интеграция министрлігі және Халықаралық сауда орталығы (ХСО)  Еуропалық Одақтың қолдауымен жүзеге асырады және Қазақстан мен Орталық Азия елдерінде сауда мен цифрландыруды дамытуға қамтамасыз етеді. Іс-шара Қазақстандағы негізгі серіктестерді – мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдерін, сондай-ақ халықаралық ұйымдар өкілдіктерін өңірлік жобаны іске асыру жөніндегі іс-шаралардың негізгі бағыттарымен және жоспарымен таныстыру мақсатында ұйымдастырылды.

Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция Министрі Б.Сұлтанов іс-шараны ашты. Министр Б.Сұлтанов сөзінде Орталық Азия елдерімен берік серіктестік қарым-қатынас құруға қолдау көрсеткені үшін ХСО мен ЕО-ға ризашылығын білдірді. Министр Б.Сұлтанов өңірлік жобаны іске асыру қазақстандық бизнес пен көрші елдердің кәсіпкерлері үшін өңірлік сауданы арттыру үшін бағдар болады, сондай-ақ электрондық сауданы жүзеге асыру үшін мүмкіндіктер ашады деп атап өтті.

Тұрақты өкіл Ж.Айтжанова, Қазақстанның ХСО-мен көпжылдық жемісті ынтымақтастығын ескере отырып, аймақтағы сауданы дамытуға бағытталған Орталық Азия елдеріне арналған жаңа жоба аясында Ұйыммен өзара серіктестікті нығайту мен кеңейтуді атап өтті. Елші Ж.Айтжанова сондай-ақ ЕО қолдауын атап өтіп, ағымдағы өңірлік жоба ағымдағы жылы күшіне енген ҚР мен ЕО Кеңейтілген серіктестігі мен ынтымақтастығы туралы жаңа Келісім шеңберінде өзара сауданы нығайту саласында Қазақстан мен ЕО екіжақты ынтымақтастығының басым бағыттарын табысты іске асыруға елеулі үлес қосатынын атап өтті.

Сонымен қатар, Ж.Айтжанова "Ready4Trade Central Asia" жобасы негізгі бағытынің ішінде ХСО және БҰҰ сауда және даму жөніндегі Конференциясының (ЮНКТАД) қатысуымен жасалатын ҚР электрондық сауда саласындағы жан-жақты заңнамасын әзірлеуге жоспарланғанын атап өтті. Мемлекеттік реттеуді әзірлеу Қазақстанның ДСҰ алаңында электрондық сауданың жаңа жаһандық қағидаларын әзірлеу жөніндегі келіссөздерге қатысуы тұрғысынан маңызды болып табылады.

Отырыста Еуропалық Одақтың Қазақстан Республикасындағы Елшісі Свен-Олов Карлсон және ХСО-ның Бас директоры Памела Коук-Хамилтон сөз сөйледі. Іс-шараға ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, индустрия және инфрақұрылымдық даму, қаржы, ұлттық экономика министрліктерінің жоғары лауазымды тұлғалары, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың, Еуропалық комиссияның сауда директоратының, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының, Қазақстандағы БҰҰ-ның Даму жөніндегі бағдарламасы, “БҰҰ-әйелдер” құрылымының, Еуропалық қайта құру және даму банкінің өкілдері қатысты.