
2020 жылдың 25 қарашасындаҚазақстан Республикасының Женевадағы БҰҰ бөлімшесі мен басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Жанар АйтжановаХалықаралық сауда орталығының (ХСО)2019 жылғы қызметінің негізгі қорытындылары мен келесі жылдарға жоспарланған жұмысына арналған Ұйымның Біріккен консультативтік тобының 54-ші отырысына қатысты.
Осы отырысқа ХСО-ныңБас директоры П.Коук-Хамилтон, БҰҰ сауда және даму жөніндегі Конференциясының Бас хатшысы М. Китуйи, Дүниежүзілік сауда Ұйымының Бас директорының орынбасары Й.Ага, 40-тан астам елдердіңТұрақты өкілдері қатысты.
Қазақстанның Тұрақты өкілі Ж.Айтжанова өз сөзінде сауданы дамыту саласындағы түрлі жобалар мен бастамаларды іске асыру шеңберінде ХCО-мен көпжылдық жемісті ынтымақтастықты атап өтті. Атап айтқанда, Еуропалық Одақтың қолдауымен ағымдағы жылы Қазақстан мен ХСО Орталық Азия елдерінде сауданы дамытуға бағытталған жаңа "Ready4TradeCentralAsia" өңірлік жобасын іске асыруға кірісті. Осы жобаны Қазақстанда іске асыру екі негізгі бағытты көздейді - сауда рәсімдерін жеңілдету және электрондық сауданы дамыту.
Бірінші бағытты іске асыру сауданы реттеу талаптарының ашықтығын арттыру, саудадағы нормативтік және рәсімдік кедергілерді жою және трансшекаралық сауданың қолданыстағы рәсімдерін оңайлату үшін қажетті реформаларды қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар, Ж.Айтжанова ХСО мен ЮНКТАД-тыңқатысуымен ҚР электрондық сауда саласындағы жан-жақты заңнамасын әзірлеу жоспарланғанын атап өтті. Мемлекеттік реттеуді әзірлеу Қазақстанның ДСҰ алаңында электрондық сауданың жаңа жаһандық қағидаларын әзірлеу жөніндегі келіссөздерге қатысуы тұрғысынан маңызды және өзекті болып табылады.
Сөз соңында қазақстандық дипломат көптеген елдер тиісті құқықтық және институционалдық базаның болмауына байланысты ДСҰ-дағы электрондық сауда жөніндегі ағымдағы келіссөздерде қиындықтарға тап болатынын атап өтті. Осыған байланысты, Қазақстанның тәжірибесі басқа елдер үшін электрондық сауда саласындағы ХСО және ЮНКТАД-пен ынтымақтастықтың үлгісі болып табылады.