
2020 жылғы 19 қарашада Қазақстан Республикасының Женевадағы БҰҰ бөлімшесі мен басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Жанар Айтжанова Дүниежүзілік экономикалық форум басқаратын сауда рәсімдерін жеңілдету жөніндегі Жаһандық альянстың өкілдерімен, атап айтқанда Халықаралық сауда жән еинвестициялар бөлімінің басшысы Уильям Петти және бизнеспен өзараіс-қимыл жөніндегі маманы Миранда Андруччолимен виртуалды кездесу өткізді.
Кездесу аясында Жаһандық альянс өкілдері қазақстандық тарапты кедендік рәсімдерді цифрландыруға, бизнес үшін сауда кедергілерін жоюға және сауда әріптестерімен ақпарат алмасуды жеңілдетуге бағытталған әлемнің түрлі елдеріндегі ағымдағы жобалары туралы хабардаретті. Тұрақты өкіл Ж.Айтжанова Қазақстанның Жаһандық альянспен ұзақ мерзімді ынтымақтастықты орнатуға және осы ұйымүшін Орталық Азия өңірінде алғашқы жобалар болатын бірлескен жобаларды іске асыруға қызығушылығын атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша ҚР мемлекеттік органдарымен бірлесіп жобаларды іске асыру мүмкіндігін зерделеуді жалғастыру туралы келісімге қол жеткізілді.
Жаһандық альянстың мақсаты неғұрлым жоғары экономикалық және әлеуметтік дамуға ықпал ететін жаңа мүмкіндіктерді құру, кедейлікті азайту және дамушы және неғұрлым аз дамыған елдерде коммерциялық маңызды реформалар жүргізу болып табылады.