Женевада дипломаттар мен сарапшылар Қазақстанның Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттік құру туралы бастамасын қарастырды

Женевада дипломаттар мен сарапшылар Қазақстанның Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттік құру туралы бастамасын қарастырды

18-ші қарашада Қазақстанның Тұрақты Өкілі Жанар Айтжанова Биологиялық қаруға тыйым салу туралы конвенцияны (БҚК) институционалдық күшейту мәселелеріне арналған вебинар барысында сөз сөйледі. 

Қазақстанның өкілі Президенті Қ.Тоқаевтың 23-ші қыркүйекте БҰҰ Бас ассамблеясының сессиясында ұсынғанБҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің алдында есеп беретін және БҚК-ға негізделетін Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттік құру туралы бастаманы іске асыру атқарған жұмысы жөнінде баяндама жасады. 

Ж.Айтжанова әлемді жаулаған жаһандық пандемияға байланысты биологиялық қаруды бақылау жүйесін әзірлеу және  іске қосу мәселесі бұрынғыдан да өзекті болғанын атап өтті. Сонымен қатар, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұымының инфекциялық аурулардың тараулырын тиімді түрде жоюға арналған реформаларына назар аудару қажет. Осыған байланысты Қазақстанның Президенті БҰҰ Бас ассамблеясының сессиясында сөйлеген сөзінде халықаралық агенттік құру туралы бастаманы ұсынып, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының, сондай-ақ, мемлекеттердің әлеуетін арттыру және БҰҰ аясында Аурулар мен биологиялық қауіпсіздікті бақылау жөніндегі өңірлік орталықтар желісін құру идеясын зерттеуді ұсынды. Сол себепті, халықаралық агенттік құру жөніндегі жұмысы ДДҰ мен БҰҰ-ның қауіпті ауруларын алдын алу және оларға қарсы күрес саласындағы жаһандық жүйесін құруімен синхрондауды қажет. 

Қазақстанның өкіліагенттіктің атқарымдары БҚК-ның ашықтық, сенім шаралар, мемлекеттердің әлеуетін арттыру, сонымен қатар верификацияға байланысты консенсус негізінде қабылдаған шешімдер саласындағы сәтті тәжірибесін қамтуы мүмкін деп атап өтті. Қазақстан тарапы агенттіктің параметрлерін барлық мемлекеттермен және сарапшылармен талқалауға дайын. Келіссөздердің нәтижелері2021 жылғы БҚК-ның кездесулерге енгізіледі. 

Аталған онлайн іс-шарада Қытай, Кения, Ирландияның және ЮНИДИР-дің делегациялар сөз сөйледі, вебинарға 180 астам дипломаттар және сарапшылар қатысты.