Қазақстанның Көші-қон туралы жаһандық шартты жүзеге асыруға қатысуы туралы

Қазақстанның Көші-қон туралы жаһандық шартты  жүзеге асыруға қатысуы туралы

2020 жылғы 12 қарашада виртуалды форматта Қауіпсіз, реттелген және заңды көші-қон туралы жаһандық шартты (КЖШ) жүзеге асыруға өңірлік шолу бойынша бірінші үкіметаралық конференция өтті.

Анықтама: КЖШ-бұл БҰҰ аясында дайындалған және халықаралық көші-қонның барлық аспектілерін қамтитын бірінші үкіметаралық келісім. Құжаттың міндетті заңды күші болмағанына қарамастан, ол елдердің көші-қон саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа бейілділігін көрсетеді.

Іс-шараға БҰҰ Еуропалық Экономикалық Комиссиясына мүше мемлекеттердің; үкіметаралық ұйымдардың; БҰҰ органдарының, мамандандырылған мекемелері мен қорларының; ЕЭК өңірінен келген барлық мүдделі тараптардың, көшіп-қонушыларды қоса алғанда, азаматтық қоғамның, көшіп-қонушылар мен диаспоралар ұйымдарының, жергілікті билік органдарының және Халықаралық Қызыл Крест және Қызыл Жарты ай қозғалысының 400-ге жуық өкілдері қатысты.

Іс-шараның мақсаты КЖШ-ті өңірлік деңгейде жүзеге асыруда қол жеткізілген прогреске шолу жүргізу болды.

Өз сөзінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б.Нұрымбетов Қазақстан мигранттардың транзиті мен баратын елі ретінде осы саладағы жаһандық процестердің белсенді қатысушысы болып табылатынын мәлімдеді. Ол елдің мигранттарды қолдауға бағытталған бірқатар шараларын атап өтті.

Министрдің айтуынша, Қазақстанда көші-қон саясатының 2021 жылға дейінгі тұжырымдамасы іске асырылуда, КЖШ іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Еңбек және көші-қон заңнамасын жетілдіру, визалық режимді, шақыруды ресімдеу, келетін шетелдіктердің келуі мен оларды тіркеу тәртібін оңайлату бойынша жұмыс жүргізуде.

Сондай-ақ Б.Нұрымбетов КЖШ-ке қосылып, Қазақстан «е-Visa» жобасын іске асырғанын, оның шеңберінде 117 мемлекеттің шетелдік тұлғалары елшілікке жүгінбей-ақ электрондық визаларды ала алатынын хабарлады.

Аралас көші-қон проблемаларын шешу мақсатында 2011 жылы «Алматы процесі» деп аталатын өңірлік диалогтың басталғанын туралы айтып, Министр Орталық Азия өңіріндегі КЖШ мақсаттарын тиімді іске асыру үшін Алматыда құрылған Орталық Азия мен ҚР үшін ТДМ бойынша БҰҰ өңіраралық орталығының алаңын пайдалануды ұсынды.

Қазақстан басқа мемлекеттердің қатарында COVID-19 мигранттарға әсері туралы Бірлескен мәлімдемеге қол қойғанын атап өткен министр пандемия жағдайында дағдарысқа қарсы тұрақтандырушы шаралар, оның ішінде мигранттардың құқықтарын қорғау шаралары қабылданып жатқанын мәлімдеді.

Сөз соңында Б.Нұрымбетов Қазақстан КЖШ-ті жүзеге асыру мақсатында жұмысты жалғастыра беретінін мәлімдеді.