ҚР сауда және интеграция министрі БҰҰ-ның Бәсекелестік және тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі сегізінші Шолу конференциясына қатысты

ҚР сауда және интеграция министрі БҰҰ-ның  Бәсекелестік және тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі сегізінші Шолу конференциясына қатысты

2020 жылғы 19 қазанда Женевада Қазақстан Республикасының Cауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов пандемия кезеңінен кейін тұтынушылардың құқықтарын қорғау және бәсекелестік саласындағы ұлттық саясат пен жүйелерді нығайту жөніндегі мүше елдердің күш-жігеріне арналған БҰҰ Бәсекелестік және тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі сегізінші Шолу конференциясының жоғары деңгейдегі сегментінде сөз сөйледі.   

Министр Б.Сұлтанов конференцияға қатысушыларды COVID-19 пандемиясының салдарын еңсеру мақсатында кәсіпкерлерді қолдау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың ҚР Үкіметінің алдына қойған негізгі міндеттері туралы хабардар етті.

Бұдан басқа, іс-шараға қатысушылар Қазақстандағы тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесі, осы саладағы заңнамалық және институционалдық өзгерістер туралы хабардар етілді.

Атап айтқанда, Министр ағымдағы жылдың шілде айында күшіне енген Қазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» жаңа Заңы туралы хабардар етті. Министр сондай-ақ тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы ұлттық жүйені сапалы жаңа деңгейге көтеретін бастамаларды атап өтті. 

Бұдан басқа, қазақстандық Министр қазіргі заман шындығы контексінде цифрлық экономика мен электрондық сауданың қарқынды дамуын атап өтіп, БҰҰ-ның Сауда және даму жөніндегі конференциясы (ЮНКТАД) шеңберінде халықаралық және өңірлік ынтымақтастықты нығайтудың, сондай-ақ ЮНКТАД-тың тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы негізгі көпжақты құжатын – БҰҰ-ның тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі басшылық қағидаттарын жаппай тиімді енгізудің маңыздылығын атап өтті.

Сегізінші конференцияны ЮНКТАД Бас хатшысы М.Китуйи ашты, ол өз сөзінде министр Б.Сұлтановтың осы іс-шараға қатысуының маңыздылығын атап өтті. 

 Іс-шарада, сондай-ақ, Коста-Риканың Индустрия және сауда министрі В.Мора, Ботсвананың Инвестициялар, сауда және өнеркәсіп министрі П. Сераме, Беларусь Республикасының Монополияға қарсы реттеу және сауда министрі В. Колтович, Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министрінің міндетін атқарушы А.Шаққалиев, Австралия, Австрия, Германия, Италия, АҚШ, Швейцария және басқа да елдердің тұтынушылардың құқықтарын қорғау және бәсекелестік мәселелерін реттеу саласындағы ведомстволардың (органдардың), сондай-ақ халықаралық ұйымдардың, оның ішінде Еуразиялық экономикалық комиссияның, экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының, Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттері қауымдастығының (АСЕАН) басшылары мен өкілдері қатысты.

Бұдан басқа, Министр Б.Сұлтанов Женеваға сапары аясында бірқатар екіжақты кездесулер, атап айтқанда, ЮНКТАД Бас хатшысы М. Китуйимен, Халықаралық сауда орталығының (ХСО) атқарушы директоры П.Коук-Хамилтонмен және Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) Бас директорының орынбасары К. Браунермен кездесулер өткізді, 

ЮНКТАД Бас хатшысы М.Китуйимен кездесу барысында Министр сұхбаттасушыны Бәсекелестік және тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі БҰҰ-ның сегізінші конференциясының табысты ашылуымен құттықтап, ЮНКТАД-тың осы салалардағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту ісіндегі басты рөлін атап өтті. 

Министр ҚР мен ЮНКТАД арасындағы Қазақстанның кеден жүйесін жаңғырту және цифрландыру саласындағы табысты ынтымақтастықты, атап айтқанда, ағымдағы жылдың қаңтарында ҚР-ға экспорттық-импорттық операциялар үшін бірыңғай терезені өнеркәсіптік пайдалануға енгізілгенін және 2018 жылғы сәуірден бастап «ASYCUDA» ЮНКТАД платформасы базасында «АСТАНА-1» ақпараттық жүйесінің қолданысын атап өтті. Аталған жүйелерді Қазақстанда қолданудың табысты тәжірибесін ескере отырып, Министр аталған жобалар Орталық Азия мен ТМД елдерінде де енгізілетініне сенім білдірді.

Халықаралық сауда орталығымен кездесу шеңберінде Министр Б.Сұлтанов атқарушы директор П.Коук-Хамилтонды ресми түрде қызметіне кірісуімен құттықтап, Еуропалық Одақтың қолдауымен Орталық Азия елдерінің саудасына жәрдемдесетін өңірлік жоба, сондай-ақ электрондық коммерцияны дамыту саласында «Оңтүстік-Оңтүстік» ынтымақтастығына жәрдемдесу бойынша Қазақстан, ХСО және Қытай Қоры арасындағы үшжақты жобаны іске асыру жоспарланған ҚР мен ХСО арасындағы одан әрі жемісті ынтымақтастыққа үміт білдірді.

ДСҰ Бас директорының орынбасарымен кездесуде тараптар ДСҰ-ның инвестицияларға жәрдемдесу, электрондық сауда және қызметтерді ішкі реттеу саласындағы жаңа қағидалар бойынша келіссөздеріндегі ағымдағы прогресті, сондай-ақ балық аулауға субсидиялар жөніндегі келісімді талқылады және 2021 жылы ДСҰ-ның 12-ші министрлік конференциясы барысында олар бойынша субстантивтік нәтижелерге қол жеткізудің маңыздылығын атап өтті.