Қазақстан Женева сауда апталығының сауда мен тұрақты даму бойынша сесиясына қатысты

Қазақстан Женева сауда апталығының  сауда мен тұрақты даму бойынша сесиясына қатысты

2020 жылғы 30 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Женевадағы БҰҰ бөлімшесі және басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты Өкілдігі «2030/ЦУР күн тәртібіне қол жеткізу құралы ретінде сауданы пайдалану - ДСҰ-ға кіру тәжірибесі» тақырыбындағы сессияның тең ұйымдастырушысы болды. Онлайн сессияны аясында БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясы мен Дүниежүзілік сауда ұйымы ұйымдастырды.

Тұрақты өкіл Ж.Айтжанова өз сөзінде ағымдағы жылдың                       30 қарашада Қазақстанның ДСҰ-ға мүшелігінің 5 жылдығын атап өтетінін айтты. Ол орнықты даму мақсаттары Қазақстанның ұлттық даму стратегияларына интеграцияланғанын атап өтті. ДСҰ-ға кіру процесі ұйымға кіру шеңберіндегі қабылданған әрбір міндеттеме Қазақстан Үкіметі жүргізетін экономикалық реформалардың бір бөлігі болып табылатындығына байланысты Қазақстан экономикасының орнықтылығын қамтамасыз етуге ықпал етті.

Ж.Айтжанова Қазақстан ДСҰ жұмысына белсенді қатысатынын, бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауында айтылған ұлттық экономиканы әртараптандыру және оның жаңа әлемдік шындықтағы бәсекеге қабілеттілігін нығайту мақсатында инвестицияларды тарту және қазақстандық тауарлар мен қызметтерді экспортқа ілгерілету сияқты басым міндеттерді орындауға ықпал ететінін ерекше атап өтті.

Сессияға БҰҰ ЕЭК атқарушы хатшысы О.Алгаерова, Беларусь Республикасының Тұрақты өкілі Ю. Амбразевич, Өзбекстанның ДСҰ-ға кіру жөніндегі бас келіссөзші Б. Абидов пен Босния және Герцеговина бас келіссөзші Х. Тиньяк, сондай-ақ АҚШ Сауда өкілінің бұрынғы көмекшісі М. Линскотт қатысты.