Женевада Қазақстанның қарусыздандыру бойынша бастамалары талқыланды

Женевада Қазақстанның қарусыздандыру бойынша бастамалары талқыланды

28-ші қыркүйекте Женевада Қосылмау қозғалысының мүше мемлекеттеріне төрағалық ететін Әзербайжан мемлекеті Швеция мен Германияның бастамасымен ядролық қарусыздандыру бойынша Стокгольмдағы жобасы жөнінде брифинг өткізді.

Брифинг барысында Женевадағы Қазақстанның Тұрақты өкілі Ж.Айтжанова сөйлеген сөзінде ядролық қарусыздандыру халықаралық қауымдастығының ең басты мақсаты болып табылатынын атап өтті. Оған қоса, азіргі кезде осы саладағы ахуал қиын-қыстау деңгейге жетіп, өзара сенім мен диалогтың жетіспеуі қарусыздандыру процесстеріне зиян тигізетінін атап жеткізді.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 1991 жылғы Семейдегі ядролық полигонын жабу туралы шешімі, ядролық арсеналды шығару, Орта Азиядағы ядролық қарудан азат аймақты құру және БҰҰ-ның қаулысымен 29 тамыз Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні болып жариялануы Қазақстанның Ядролық қаруды таратпау туралы шарттың ережелерін жүзеге асыруға арналған нақты үлесі. Сонымен қатар, Қазақстан 2019 жылы 29-ші тамызда жаңа халықаралық келісімнің - Ядролық қаруға тыйым салу туралы шарттың мүшесі болды.

Осыған байланысты Ж.Айтжанова Қазақстанның Президенті Қ.К.Тоқаев 23-ші қыркүйекте БҰҰ Бас ассамблеясы 75-ші сессия барысында сөйлеген сөзінде халықаралық қауымдастық пандемия салдарынан ядролық қаруды таратпау және қарусыздану дағдарыспен бетпе-бет келіп отыр деп атап өткеніне назар аударды. Осы орайда, Қазақстан барлық мүше мемлекеттер адамзатты ядролық апаттан құтқаруға бағытталған кейінге қалдырылмайтын барлық шараны қабылдау туралы ядролық держава саналатын елдерге жолдаған біздің үндеуімізді қолдайды деп үміттенеді. Осы ретте, ядролық қаруы жоқ әрбір мемлекетке қауіпсіздік жөнінде заңды тұрғыдан міндетті кері кепілдіктері берілуі тиіс. Қазақстан «ядролық бестіктің» барлық мемлекеттерін Ядролық қарудан таза аймақтар туралы шарттың тиісті хаттамаларын, соның ішінде Семей шартын ратификациялауға шақырады.

Сонымен қатар, 28-ші қыркүйекте Тұрақты өкіл Биологиялық және улы қаруға тыйым салу туралы конвенцияның қолдау тобының басшысы Д.Фикспен кездесу өткізді. Сұхбат барысында ҚР Президенті БҰҰ Бас ассамблеясы 75-ші сессиясы шеңберінде ұсынған БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің алдында есеп беретін арнайы көпжақты орган – Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттікті құру туралы бастамасы талқыланды.