Халықаралық ұйымдардың өкілдері Қазақстанның экономикалық дамуының басымдықтармен таныстырылды

Халықаралық ұйымдардың өкілдері Қазақстанның экономикалық дамуының басымдықтармен таныстырылды

Ү.ж. 17 қыркүйекте Дүниежүзілік экономикалық форум платформасында Қазақстан Республикасының Женевадағы БҰҰ бөлімшесі мен халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты Өкілі Елші Жанар Айтжанова қатысуымен Еуразия саясаты жөніндегі топтың онлайн кездесуі өтті.

Кездесу барысында Ж.Айтжанова қатысушыларды, атап айтқанда, Халықаралық Валюта Қоры, Дүниежүзілік Банк, Еуропалық Қайта Құру және даму банкі, Экономикалық даму және ынтымақтастық ұйымы, Азия даму банкі сияқты халықаралық экономикалық және қаржы ұйымдарының өкілдерін мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауында айтылған жаңа шындықтағы Қазақстанның экономикалық дамуының басымдықтарымен таныстырды.

Өз сөзінде ҚР Тұрақты Өкілі жүйелі Қазақстан экономикасы үшін сын-қатерлерге жауап ретінде қабылданған негізгі институционалдық өзгерістер-Президент Тоқаев бастаған реформалар жөніндегі Жоғары кеңесті және стратегиялық жоспарлау, реформалар жөніндегі агенттікті құру туралы хабардар етті.

Кездесуге қатысушылар сондай-ақ жаңа құрал-стратегиялық инвестициялық келісімді енгізу арқылы елдің стратегиялық жобалар үшін заңнамалық жағдайлардың тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі жоспарларымен таныстырылды.

Барлық реформалардың базалық элементі және ұлттық бәсекеге қабілеттілікке қол жеткізудің негізгі құралы ретінде цифрландыру жөніндегі міндет ерекше атап өтілді. Осыған байланысты Тұрақты өкіл Қазақстанның бизнес-ортаны жеңілдету мақсатында кедендік рәсімдерді және экспорттық-импорттық операцияларды цифрландыру бойынша ЮНКТАД-пен өзара іс-қимылының табысты тәжірибесі туралы хабарлады, бұл Қазақстанға Дүниежүзілік Банктің "Doing Business"рейтингісінде көтерілуге мүмкіндік берді.

Еуразия саясаты жөніндегі топ Дүниежүзілік экономикалық форумның бастамасы бойынша Еуразия үшін жаңа пайымды тұжырымдау және ковидтен кейінгі кезеңде өңірдің экономикалық дамуы бойынша стратегияларды бірлесіп әзірлеу мақсатында өңірлік диалог пен ынтымақтастық үшін платформа ретінде құрылды.

Бұл топқа түрлі халықаралық ұйымдардың, зерттеу орталықтарының, академиялық топтардың, Еуропалық комиссияның өкілдері, сондай-ақ Еуразиялық елдердің жоғары деңгейдегі өкілдері кіреді. Атап айтқанда, кездесуге Қырғызстан Ұлттық банкінің төрағасы Т.Садықұлов, Өзбекстан Қаржы министрінің орынбасары О. Исаков және Әзірбайжан Экономика министрінің орынбасары Р. Наджаф қатысты.